«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер әйелдер кеңесі: бизнес негіздерін 500 қыз-келіншек оқыды

2018 жылғы 19 Маусым
- Алматы қаласы
5400 просмотров

Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Қазақстан халық банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова хабарлады.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі қарсаңында өңірлік кеңес өз жұмысын қорытындылады.

«Былтыр бизнес негіздері курсында жеке кәсібін бастауға ниетті 500-ден астам қыз-келіншек білім алды. Оның ішінде 100 әйел қаржылық сауаттылығын арттырып, 300-і «Династия» отбасылық жобасына қатысты, 50-ден астам қыз-келіншек қызметкерлерді басқару және менеджментті оқыды», ­- деп атап өтті Үміт Шаяхметова.

Төрайымның айтуынша өткен жылы Кеңес негізгі төрт бағыт бойынша жұмыс істеген: сыртқы экономикалық қызмет, білім беру, жастарға арналған жоба, сондай-ақ сән және дизайн.

Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қызметтік 4 кездесу өткізді, сондай-ақ Кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Бірінші бағыт бойынша Кеңес 24 халықаралық конференция, көрме, іскерлік кездесу, сыртқы экономикалық қызмет, сауда және туризм бойынша оқыту семинарын өткізді. Мұнымен қоса, 10 іскер ханым Қытай, Гонконг, Түркия және ТМД елдерінде іскерлік серіктес іздеу және тауарлар мен қызметтерді таныстыру мақсатында бизнес-миссияға қатысты.

Жастардың жобасы да сәтті аяқталған. Кеңес мүшелері Алматы қаласы жоғары оқу орындарында 12 ынталандыру дәрісін оқыды, сондай-ақ 2 спорттық жарыс, жасөспірімдерге арналған Teenager жобасы, сондай-ақ жазғы лагерьде 120 жас кәсіпкерге арналған оқыту курсы өтті.

Кеңес мүшелері отандық дизайнерлерді танытуға арналған сән шараларында ақпараттық қолдау көрсетті, атап айтқанда Mercedes-Benz Fashion Week Almaty, дизайнер Айнұр Тұрысбектің көрсетілімі, Еуропалық одақ елдеріндегі KazakhstanFashionWeek.

«Мұнымен қоса бизнес жүргізу мәселелері бойынша кеңес береміз, қыз-келіншектер, қарттар мен балаларды қолдау мақсатында әлеуметтік және қайырымдылық шараларын ұйымдастырамыз, ­- дейді Үміт Шаяхметова. – Биыл екі бағытты – мейрамхана ісіндегі кәсіпкерлерді қолдау мақсатында RestoClub және денсаулық сақтау, спорт және туризмде HealthClub бастамасын дамытуды қолға алмақпыз».

Өңірлік іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары Ақеркін Ералиеваның айтуынша, жақын күндері Кеңес мүшелері мақтанатындай жайт орын алған. – PricewaterhouseCoopers Қазақстан және Forbes Kazakhstan журналы жүргізген, еліміздегі CEO Survey ірі компания басшылары қатысқан сауалнама қорытындысы бойынша Үміт Шаяхметова отандық бизнестегі көшбасшылардың үздік үштігіне енген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер