«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан-Ресейлік стартап қалалық сити-фермаларды дамытуда

2018 жылғы 18 Маусым
- Алматы қаласы
6566 просмотров

UrbaniEco Қазақстан-Ресей компаниясы қала жағдайында көк шөп, дәмдеуіш шөптер мен жидектерді өсіруге арналған жоғары технологиялық сити-фермалар жобасын таныстырды.

Аталған жылыжай кез келген бос кеңістікте жылына 365 күн жұмыс істейді.  Бұл жоба агро саласында терең білім алуға мұқтаж емес, өздерінің тұтыну үшін пайдаланылатын, қоршаған ортаға зиян тигізбейтін өнімдерге қызығушылық танытқан адамдар үшін және кәсіпкерлерге жаңа бизнес түрі ретінде қызықты.

Бүгінде UrbaniEco-ның Алматыда, «Жібек жолы» бизнес-орталығында «ақылды» жылыжай-сөре базалық моделі қондырылған. Келесі кезеңде Алматыда пилоттық тік сити-ферманың құрылысын бастау, Алматы облысында  жиналмалы гидропондық жабдық өндірісін ашу және ТМД елдеріне экспортпен шығу жұмыстары жоспарланған. Компания HoReCa нарығы  және өнім ритейлі өкілдерімен ынтымақтастық орнатуда.

«Біз IcoStartup Kazakhstan бағдарламасына қатысып жатқанымызға  қуаныштымыз. Бұл бағдарлама нарық жағдайында нақты жоба аясында білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Жуырда біз Tech Garden атты ІТ-кешенінде «ақылды» жылыжай-сөренің үлгісін орнаттық, нәтижесінде кресс-салаттың алғашқы өнімін алып, оны сәтті өткізіп тастадық. Біз алдымызға қыруар мақсат қойып жатырмыз, келешекте қазақстандық көкөніс пен аскөк нарығының 5%-ын еншілемек ойымыз бар. Түрлі болжамдар бойынша нарық 773 млрд теңгені құрап отыр. Сонымен қатар біз сити-фермерлерді технологиялардың жаңа мүмкіндіктеріне оқытып жатырмыз, өйткені заманауи жабдық тұтыну орнына жақын жерде жидек, көкөніс, аскөк өсіруге мүмкіндік беріп отыр», – деді UrbaniEco  Бас директоры Татьяна Дубовская.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер