«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы кәсіпкерлері Сәулет органы қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымданды

2018 жылғы 01 Маусым
- Алматы қаласы
5655 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында бірден бірнеше кәсіпкер Алматы қаласы Сәулет және қала салу басқармасының заңсыз әрекетіне наразылық білдірді.

Бизнес өкілдерінің айтуынша жарнаманы орналастыру үшін төлемді талап ету Мемлекеттік бақылау туралы заңнамаға қарсы әрекет. Осылай мемлекеттік орган «Red Park» дүкеніне ескерту жасамастан шоттарын бұғаттап, жарнама жасағандары үшін 1 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуді талап еткен.

Белгілі болғандай, соттан оң шешім алған кәсіпкерлер де өздерінің кінәсіз екендерін дәлелдей алмай отыр.  «KASPI BANK» АҚ өзінің KASPI RED атты жабыстырмаларын жариялау заңдылығына қатысты салық төлеу бойынша бірнеше сот дауларын жеңді. Алайда 4 ай бойы Басқарма оларды әлі салық міндеттемелерге тартуын қойған жоқ. Осылайша Алматы қаласы Сәулет және қала салу басқармасы сот шешімін орындамай отыр.

 Жиын барысында «ASIA PARK» сауда – ойын-сауық орталығы өкілдерінің де шағымдары тыңдалды. Компания өкілі Алматы қаласының Әкімшілік полициясы басқармасы «ASIA PARK» атты жол белгісін орнатқаны жайында хабарлады. Соның салдарынан сауда орталығының басшылығы аталған белгі үшін салық төлеуге мәжбүр болып отыр. Кәсіпкерлер болмас нәрселер үшін салық төлеп отырғандарына наразы.

 Алматы қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының заңгерлері сыртқы жарнама объектілерін орналастыру туралы фото-есептер Салық заңнамасы мен ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес келмейтінін айтты. Өкілетті органның жарнама үшін салық тағайындау беріп отырған мәліметтері әдетте нақты емес: кіммен берілген, қандай органмен толтырылған, оған кім қол қойғаны, автомоблиль жолдарының орналасуы белгісіз. Осы ретте төлемнің мөлшері жарнаманың орналасқан жері, жолдың санатына қарай (А немесе В) байланысты.

 Осындай бұзушылықтар орын алғанда  мәліметтер кәсіпкерлердің жарнаманы орналастыру фактілерін растайтын құжат бола алмайды және салық органдарымен төлемдер алу үшін қабылданбауы тиіс.

 «Алматы қаласы Сәулет және қала салу басқармасы шарт негізінде сартқы жарнама объектілерін фотоға түсіру жұмысын жүзеге асыруды «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС-на берді. «Жарнама туралы» заңға сәйкес бұл бақылаудың өзгеше формасы болып табылады. Яғни сәулет органдары мемлекеттік функцияларды жеке компанияға беріп отыр, демек, жарнама ЖШС қызметкерінің субъективті көзқарасымен анықталады. Ары қарай Сәулет басқарамы мәлімет нақтылығын тексермей, оны салық органына жөнелтеді. Салық қызметкерлері өз кезегінде тағы тексеру жорығына шығады, кәсіпкерге барып, оның деректерін қазбалайды – БИН, кәсіпорын атауын және басқа да мәліметтерді талап етеді. Содан кейін шоттарға бұғат қойып, салықтық қарыз, өсімақы туралы хабарлама жібереді. Бұл сызбада әр қадам заңдық тұрғыда күмән келтіреді», – деді ӨКП директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетов.

Жиын қорытындысы бойынша Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласы Сәулет және қала салу басқарамасының қызметіне талдау жүргізу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне өтінім жібереді. Ал сыртқы жарнаманы орналастыру үшін рұқсатты алу процедурасын жеңілдету мақсатында аталған қызметті Алматы даму орталығы қатысуымен электронды форматқа ауыстыру ұсынылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер