«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында бухгалтерлер кездесуі өтті

2018 жылғы 25 Мамыр
- Алматы қаласы
4873 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында «Бухгалтерлер клубы» 20-рет бас қосты. Жиын Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы және клубтың негізін қалаушы Юрий Тілеумұратовтың жетекшілігімен өтті. Кездесуге ірі компаниялар, жеке кәсіпкерліктің басшылары мен бухгалтерлері қатысты.

«Бүгін «Бухгалтерлер клубы» 20-рет жиын өткізіп отыр. Менің идеям жүзеге асып, осылайша дамығанына қуаныштымын. Біздің негізімізде барлық өңірлерде осындай клуб құрылды, мұны өзі жақсы көрсеткіш. Бұл жиындарда бухгалтерлер өздеріне қажетті әрі маңызды ақпаратты алады», – деді Юрий Тілеумұратов.

Клуб мүшелері «Негізгі қаражат. Қайта бағалау» тақырыбын талқылады. Негізгі баяндаманы ACCA, FCCA біліктілігі бар бухгалтер, аудиторлықта 17 жылдық тәжірибесі бар сертификат пен диплом иегері Жәмилә Нұрпейіс жасады. Клуб мүшелеріне бухгалтерия саласындағы активтер, кейінгі бағалау, амортизация, инвестициялық жылжымайтын мүлік, салық тиімділігі сынды бағыттарды түсіндіріп өтті.

Негізгі баяндамалар аяқталғаннан кейін «Бухгалтерлер клубының» мүшелеріне арнайы сертификат табысталды. БұлКәсіпкерлер палатасының қолдауымен  «Учет.kz» порталы атынан «Кәсіби бухгалтер» сертификаты бойынша біліктілігін артырғанын білдіреді. Учет.kz порталының басшысы Елена Розинка белсенді қатысушыларға сертификаттар мен сый-сияпаттар табыстады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер