«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 «Бастау» жобасына қатысушылар цифрлық сауаттылықты арттырады

2018 жылғы 25 Мамыр
6241 просмотров

2018 жылы «Бастау» жобасының ауқымы екі есе ұлғайды: алғашқы тоқсанда жоба командасы жұмысқа кірісуге дайындық жасады. Биыл кәсіби біліктілігін дәлелдеген әрі жұмыс істейтін бизнес-жаттықтырушылардың қатарына тағы да 100 адам қосылды. Әрбір бизнес-жаттықтырушы «Атамекенде» өтетін дәрістерде, онлайн режимде де біліктілігін арттырумен үздіксіз айналысады.

Кезекті басқсуда жаттықтырушылар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселесін қарастырды. Оның негізіне базалық цифрлық машық, эклектронды сауда және ашық үкімет кіреді.

«Тренингті «Цифрлы Қазақстан – 2020» бағдарламасы аясында өткіземіз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдады, «Бастау» жобасы жаттықтырушыларының арқасында өңірлердегі шағын және орта бизнес әдеттегі операцияларды онлайн режимде жүзеге асыра алады», – деді «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдинг» АҚ бас сарапшысы Гүлнұр Әбдіғалиева.

Бүгінде шалғай аудандар мен ауылдарда барлығы бірдей интернетті қолдана алмайды. Электронды үкіметтің мүмкіндіктері туралы хабарсыздары да бар деп атап өтті Гүлнұр Әбдіғалиева. Ашық үкіметке көпшілік әлі де сене бермейді.

«Біз білімдерімен бөлісуді сұраймыз. Адамдар тіркеледі, электронды талон алады және бәрібір де қызмет алу терезесін барады. Ашық үкімет анықтама алу, тіркелу жұмыстарында уақытты айтарлықтай үнемдейді. Мақсатты индекатор Қазақстанда халықтың 78% сауатты екенін көрсетті», – деп атап өтті Гүлнұр Әбдіғалиева.

Біржан Серіков екінші жыл қатарынан бизнес негіздеріне оқытып жатыр. Биыл коуч Ақмола облысы Аршалы ауылында дәріс береді.

«Бастау» бағдарламасы цифрлық сауаттылыққа қатысты курстарды қарастырмайды, бірақ біз халықтың сауалына үнемі жауап береміз. Оның қалай жұмыс істейтінін көрсетеміз. Мұндай курстар міндетті түрде қажет. Көп адамдарға базалық цифрлық машық қарапайым болып көрінеді. Ең бастысы ашық үкіметтің негізгі қағидасы – тиімділікті түсіну керек», – деп ой бөлісті Біржан Серіков.

2018 жылы тренер жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 120 азаматы оқытып, электронды үкіметтің артықшылығы туралы айтады. Онлайн жұмыс істеу уақытты үнемдейтіндігін көрсетеді.

«Бастау» қатысушысының бірімен электронды қолтаңба аламыз. Одан кейін қажетті анықтамаларды басып шығарамын. Бар болғаны 30 минут уақыт кетеді. «Жай ғана ма?! Осы анықтама үшін бір апта кезекте тұрдым» дегенді жиі естимін», – дейді бизнес-жаттықтырушы.

Аршалы ауылының тұрғындары «Бастау» жобасына бірінші рет қатысып отыр. Олардың жобалары негізінен ауыл шаруашылығына арналған. Сонымен қатар уақытты тиімді өткізу жобалары да бар. «Бастау» жаттықтырушылары кездесу барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдеріне негізгі кооперацияларға қатысты сауалдар қойды.

Биыл «Атамекен» ҚР ҰКП «Бастау» жобасы арқылы 30 мың адамды оқытуды жоспарлап отыр. Бұл жоба Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Биылғы мақсат – республика көлемінде 6 мың жаңа бизнес-жобаны іске қосу. Әрбір жоба жаңа табыс көзін ғана емес, жаңа жұмыс орнын ашады. Бұл көп адамдардың мақсаты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер