«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заманауи кәсіподақтардың қызметі қандай?

2018 жылғы 16 Мамыр
- Алматы қаласы
5608 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы және «Кәсіподақ орталығы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстанда кәсіподақтарды жаңғырту міндетін Мемлекеті басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған болатын. Қазіргі таңда кәсіподақ қозғаласы қамтуын ұлғайту бойынша жол картасы әзірленуде. Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай меморандумға қол қоя отырып, тараптар кәсіпорындарда лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыру үшін бар күш-жігерін салуға жауапкершілік алады.

 «Меморандум өңірлік деңгейдегі қызметкерлер үшін еңбек талаптарын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді ортақ мониторингілеуді көздейді. 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында мамандарды дайындаудың қысқа курстарына арналған білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеуге дайынбыз. Сонымен қатар бүгінгі құжат еңбек қатынастары саласында өзекті мәселелерді шешу бойынша ортақ сарапшылық топ қалыптастыруда күшімізді біріктурге мүмкіндік бермек», – деді Бағдат Телебай.

Алматы кәсіподақ орталығының төрайымы Зәуреш Өмірбаева «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына еңбек етушілердің мүддесін қорғаудың маңыздылығын түсінгені үшін алғыс білдірді.

 «Әлеуметтік қозғалысқа әкеліп соғатын еңбек дауларды шешуде кәсіподақтар рөлі өлшеусіз. Осындай жағдайлар орын алса, оны шешуге әкімдіктер мен құқық қорғау органдары жұмылады. Ал кәсіподақтар жоқ. Негізінен мұндай мәселені бірінші кезекте кәсіподақтар шешу керек. Осы бағытта «Атамекен» белсенді жұмыс атқарып жатқаны қуантады», – деді Зәуреш Өмірбаева.

Бағдат Телебай  Өңірлік кәсіпкерлер палатасы атынан алматылық 11 компаниямен меморандумға қол қойды. Бұл келісім кәсіпорынның экономикалық ахуалы нашарлаған жағдайда қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамсыз ету және еңбек дауларды алдын алуда бірлесіп, жұмыс атқаурды көздейді.

Өз кезегінде Палата осы компанияларға тегін сервистік қолдау және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыруда көмек көрсетуге дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер