«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жастар бизнесінің дамуы – UIB саясатының басым бағыты

2018 жылғы 28 Сәуір
- Алматы қаласы
5418 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы және Халықаралық бизнес университеті Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ортақ жобаның негізгі мақсаты – бұл кәсіпкерлікті дамыту, бизнеске анағұрлым көбірек жастарды қамту. Жастар бизнесінің дамуы – UIB саясатының басым бағыты.

Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейде бизнесті жүргізу туралы білім, оның негізгі қағидаттары мен көзқарастарын білу өзекті деп саналады. Кәсіпкерлікке оқу керек. Тәжірибе көрсеткендей неғұрлым ерте үйренуді қолға алса, соғұрлым тез жетістікке жетуге болады.

 Меморандум шеңберінде келесідей қатынас орнамақ: «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсын енгізу, ортақ іс-шараларды жүргізу: семинарлар, жиындар, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен бизнес-зерттеулерді жүргізу және т.б.

 Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы жетекші оқу орындарымен бірге ЖОО-ға арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу бағдарламасын әзірлеу мақсатында жұмыс тобын құрды.  

 «Мемлекет, оқу орындары және қоғамдық ұйымдар қолдауы арқылы  жастар кәсіпкерлігін дамытудың нақты нобайы қалыптасып келеді, онда бизнес ашуды, оқытудан бастап, бизнес-идеяны дамытуды, содан кейін қаржылық қолдауды көздейтін әрбір жас өз ниетін жүзеге асыра алады», – деді Алматы ӨКП директоры Бағдат Телебай.

 «Университетіміздің 25-жылдық тарихы бар. Біз әрдайым студенттеріміздің мүддесін қорғап отырамыз және бизнес ортаны дамыту бойынша идеяны қолдаймыз», – деді  UIB президенті Дархан Ахмед – Заки.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер