«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда өндіруші кәсіпкерлерге арнап дизайн-код жасалды

2018 жылғы 09 Сәуір
- Алматы қаласы
5531 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында бизнес пен сәулет және қала құрылысы басқармасы басшыларының кездесуі өтті

Мегаполистегі сәулет басқармасы бизнестің құрылыс құжаттарын алу мәселелері азайды деп есептейді. Ережедегі жаңалықтар туралы кәсіпкерлермен кездесу барысында айтылды.

«Doing Business аясында құрылысқа рұқсат алу индикаторы бойынша министрлік заңның алтыншы топтамасын шығарды. Сәуір айында күшіне енуі тиіс. Алтыншы топтаманы күттірмей-ақ заңға қосымша актілерге түзетулер енгізілді. Мысалы, «жер учаскелерін бөлу үшін кеңейту алу мен өтінім беру» алынып тасталды. Заңда меншік құқығы немесе жерді пайдалану құқығы бар тапсырыс берушінің жер учаскесінің құрылысына қосымша рұқсат беру туралы талап алынып тасталды. Яғни егер өтінім берушінің меншік құқығы болса, ол құрылыс бастай алады», - деді Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының сарапшысы Абзал Малаханов.

Сонымен қатар ол сызбанұсқа, инжернерлік коммуникация жоспарына мақұлдау алу, инжернелік коммуникация жоспарын сәулет басқармасының мақұлдауы процедуралары алынып тасталғанын атап өтті. «Бір терезе» қағидасымен жобалық құжатты мекемеден тыс сараптамадан өтуге беру процедурасы қалады. Бұл процесс электронды форматқа көшірілген.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай кездесу барысында бизнестен түсетін шағымдардың 28% жер қатынастары мен сәулетке қатысты екенін айтты.

«Электр желісіне қосылу, нысанда газ тартудың техникалық шарттары онлайн режимде беріледі. Біз орталықтандырылған жылу және су жүргізуге де техникалық шарттарды беруде осындай қызмет көрсетуді жасау туралы бастама көтердік. Алматыда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін толық форматты орталықты іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады Бағдат Телебей.

Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмасхан Ахметжанов бизнеске Алматының жаңа дизайн-кодын таныстырды.

«Қалада абаттандыруға көп қаржы жұмсалуда. Өндірушілер дәл қандай тауарға сұраныс бар екенін білмейді. Мысалы ағаш көшеттігінде қала үшін қандай екпе өсімдіктері, қанша түрі мен көлемі қандай болу керектігін туралы ақпаратты білмейді. Егер көшелермен жүріп өтсе, төселген тас бір жерде қызыл, кей жерде сұр, ал бірінде тас төселген, біріне ­– асфальт. Сондықтан біз дизайн-код жасап шығардық, яғни кодтау базасында каталог дайындалған. Қалада түсіне, көлеміне, материал сапасына қарай стандарт болады. Барлығында бірдей стиль қолданылады: көшеде жиһаз, навигация, ғимараттың сырты, ілінген жарнама мен көше. Мысалы шырақтарды алайық. Біз әрдайым импортты қолданып келдік. Электр құралдарымен айналысатындай қалаға арнап қандай шырақ жасауды білетін болады», - деп түсіндірді Алмасхан Ахметжанов.

Дизайн-код жүйесі қала аумағының 80% қамтиды. Осы жылдың соңына дейін қалаға қажетті негізгі құрылыс материалдары есептелінеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер