Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурстың ұйымдастырушысы: Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.
Орналасқан жері: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, индустриалды-инновациялық даму бөлімі, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, 2 қабат, каб. 220, 219, пошталық мекенжайы: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, электрондық поштаның мекенжайы: info@almaty.upp.kz, байланыс телефондары:
272-02-56, 271-67-20.
Конкурстың мәні: «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың Бірыңғай бағдарламасының шеңберінде ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға мемлекеттік гранттар
(жеке бизнесін құру үшін) ұсыну.
Конкурстың түрі: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру орны: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, индустриалды-инновациялық даму бөлімі, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы,
2 қабат, каб. 220, 219.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын көрсетілген мекенжай бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі (өкілге берілген сенімхат болған жағдайда) арқылы ұсынады (қосымшаға сәйкес).
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: 2018 жылғы
«1» наурыздан бастап, 2018 жылғы «20» наурызды қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге (жергілікті уақытпен) дейін.
Тапсырыс берудің басталу күні мен уақыты: 2018 жылғы «1» наурыз, сағат 09:00-ден (жергілікті уақытпен) бастап.
Тапсырыс берудің аяқталу күні мен уақыты: 2018 жылғы «20» наурыз, сағат 17:00-ге (жергілікті уақытпен) дейін.
Көрсетілген мерзімнен кешігіп түскен тапсырыстар қабылдауға а жатпайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.damu.kz, http://www.almaty.upp.kz/ сайттарынында танысуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: