«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Зағип музыканттарға арналған аспаптар

2018 жылғы 16 Қаңтар
- Алматы қаласы
8645 просмотров

«Атамекенім» акциясының аясында зағип және көзі нашар көретін балалардан құралған оркестр музыкалық аспаптарды сатып алу үшін арнайы концерт ұйымдастырды

Ұлт аспаптар оркестрінде көзі нашар көретін және зағип 30 бала бар. Олардың барлығы да Алматыда орналасқан №4 Н.Островский атындағы интернеттың тәрбиеленушілері. Балалар өлең айтады, аспаптарда ойнайды, концерттер өткізеді. Олар үшін музыка жай ғана уақыт өткізуге арналған қызығушылық емес, бұл – болашақта айналысатын кәсібі. Музыкамен айналысқысы келетіндердің қатар күн санап артып отыр, бірақ аспап бәріне бірдей жете бермейді. Осындай мәселені көрген музыкант Дана Мейірбекова оқушыларға көмектесудің жолын қарастырды.

«Инклюзивті білім алатын балаларға арналған байқауда қазылар ақасының мүшесі болдым, сол кезде осы оркестр туралы білдім. Балалар тағдырына шағым айтпай, өз беттерімен өмір сүруді үйренуге талпынғандары шабыттандырды. Бүгін оркестр үздік шығармаларын орындайды. Көрермен жас музыканттардың талпынысын бағалап, қажетті аспапты сатып алуға қол ұшын созады деп ойлаймын. Балаларды қолдай отырып, концертке өзім, ұлым және музыкант достарым да қатысады. Бұл іс-шараны «Атамекенім» акциясының аясында өткізіп отырмыз. Былтыр Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында курстан өттім. Бізге қолдау көрсетті, «Art Mobile» мобильді өнер мектебінің ашылуына арнайы грант ұтып алдық. Біз енді бизнестің өкіліміз, осылайша өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді көрсетеміз», - деп баяндады Дана Мейірбекова.

Н.Островский атындағы зағип және көздері нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі Ермек Байсалбековтің айтуынша, екінші сыныпта оқып жүргенде қандай аспапта ойнағысы келетінін сұраған екен. Ол баянды таңдаған. Ермек туғаннан зағип. Нотаны Барайль жүйесі арқылы таныған. Арнайы әдебиет жетіспегенде ерекше есту қабілетінің арқасында аспапта ойнауды меңгерген.

«Музыкамен айналысқаныма 6 жыл болды. Болашақта музыкант болғым келеді. Түрлі концерттерге қатысқым келеді. Біздің мұғаліміміз осы интерната оқыған, музыкалық колледжі аяқтаған, қазір бізге үйретіп келеді», - дейді Ермек Байсалбеков.

Қайырымдылық кеште оркестрге контрабас домбыра мен екі бас домбыра сыйға берілді. Ал жиналған қаражатқа баян мен ұрмалы аспаптар сатып алу жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер