«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда колледж түлектері үшін грант санын екі есе арттыру ұсынылды

2017 жылғы 17 Қараша
- Алматы қаласы
7983 просмотров

Сарапшылар жұмысшы мамандарды дайындаудағы түйткілді мәселелерді талқылады

ҚР Жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы мен Білім басқармасы Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің базасында білім беру саласында кластер қалыптастыру мәселесін талқылады. Кәсіпкерлер мен колледж басшылары дуальді білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру жүйесіндегі еңбекақы төлеуді жетілдіру, жеке оңалту бағдарламасы, кәсіпорындағы жетекші, түлектердің сертификаттау біліктілігін және т.б. арттыру мәселелерінің шешу жолдарын қарастырып, талқылады.

Кәсіпкерлер көтерген мәселенің бірі жоғары білім беру жүйесінде маман дайындауға қатысты болды.

«Өндіріске инженерлер аса қажет. Басты себеп – жоғары оқу орындарында инженер мамандар дайындалмайды. Жоғары білім беру жүйесі мектеп түлектерінің қатарынан бакалаврларды шығаруға негізделген. Сонымен қатар, инженер мамандары айтарлықтай қартайып келеді. Жастар легі жоқ. «Біздің орнымызды кім басады?» деген сауалған бизнес нақты жауап алып отырған жоқ», – деп хабарлады ҚР Жеңілөнеркәсіп өнеркәсіптері қауымдастығының президенті Любовь Худова.

Бұл мәселенің шешудің бір жолы – техникалық және кәсіби білім беру базасында, яғни колледж түлектері арасынан жоғары білімі бар мамандарды дайындау. Жұмыс берушілердің пікірінше, мектеп түлектерінің қатарынан қарағанда колледж түлектерінен бакалаврды кәсіби дайындау деңгейі саны әлдеқайда жоғары.

«Колледж түлектеріне грант санын кемінде екі есеге арттыру керек, әсіресе техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына көңіл бөлу керек. Мұнымен қоса оқыту мерзімі қысқарып, грант бағасы 25%-ға азаяды, дайындық сапасы артады. Екіншіден, «Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінде оқуға қабылдаудің типтік ережелеріне» тиісті өзгертулер енгізу қажет. Өзгертулер ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының реестірне енген салалық қауымдастықтардың колледж түлектеріне сертификаттау орталықтары түлектерді бліктілігін тәуелсіз сертификаттау жүргізу нәтижесі бойынша ақылы негізде қабылдау қарастырылған. Бұл жастарды өндірістен бөлектетпей мансаптық өсуіне жағдай жасайды. Мұнымен қоса, әлемдік тәжірибені ескере отырып инженер мамандардйы дайындау жұйесін құру туралы мәселені жедел түрде көтеру қажет», – деп ұсыныс білдірді Алматы қаласы кәссіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Вера Цзин.

Жиын соңында қатысушылар назарына Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі Сән театрының жұмыстары ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер