«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы World Beauty Conference сұлулық индустриясының үздіктерін шақырды

2017 жылғы 13 Қараша
- Алматы қаласы
5924 просмотров

Іс-шараны Алматы қаласы кәсіпкерлері палатасы Іскер әйелдер кеңесі қолдады

World Beauty Conference конференциясы жергілікті және халықаралық спикерлердің бас қосып, пікір таластыру алаңына айналды. Бұл шара сұлулық индустриясының үздіктерін тоғыстырып, маман дайындау, халықаралық рекрутинг мәселесін талқылауға сеп болды.

Іс-шараға қатысушылар тәжірибелі кәсіпкерлерден кейстерді үйреніп, нарық тұрақсындығында бизнес-платформаны жетілдіру бойынша дәріс тыңдады.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі қолдау білдірді. Бұл кеңестің құрамында сұлулық саласында кәсіп жүргізіп отырған қыз-келіншектер аз емес.

«Біздің кеңес отандық және шетелдік мамандармен әрдайым байланыс орнатып келеді. 2017 жылы 24 форум ұйымдастырылды. Сондай-ақ көрмелер мен іскерлік кездесулер де өтті. Литва, Ресей, Тайланд, Оңтүстік Корея және т.б. елдердің өкілдерімен кездесулер жүзеге асты», - деп хабарлады Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары Ақеркін Ералиева.

World Beauty Conferenceконференциясында үздік тер мен тәжірибелі мамандар дәріс оқыды. Оның ішінде: HeadHunter в Казахстане бас директоры Нина Быченко,  Персона академиясының аға оқытушысы Владимир Дружин (Ресей), BeautyHub интернет жобасының стилисі Ольга Хайновская (Украина), 2016 жылдың қорытындысы бойынша үздік бизнес-тренер, салон бизнесіне арналған кітаптың авторы Елена Ламанова (Украина) және басқалары болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер