«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы технологиялық университеті 13 млн теңгеден астам қаржы бөлген

2017 жылғы 10 Қараша
- Алматы қаласы
8285 просмотров

Жоғары оқу орны «Атамекенім» акциясын қолдайды

«Алматы кәсіпкерлері Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың бизнестің әлеуметтік жауапкершілік мәселесіндегі бастамаларына қолдау білдіретін «Атамекенім» акциясына шақыруын қабыл алды.

Әлеуметтік жоба аясында Алматы технологиялық университетінің басшылығы АТУ-да және университет жанындағы Технологиялық-экономикалық колледжде білім алатын студенттерге арнайы әлеуметтік топтама әзірледі. Құжат жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетуге, дарынды жастарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, мәдени-сауықтық демалыс ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған.

АТУ ректоры Талғат Құлажанов 2016-2017 оқу жылында білім алушылардың оқу ақысына жеңілдік жасады:

  • Жетім балалар және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға - 30% (1963500 теңге сомасы);
  • Ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен кірісі бар әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына – 20% (4774000 теңге сомасына);
  • Жағдайы төмен отбасыларға – 15% (3696000 теңге сомасына);
  • 2, 3 топтағы мүгедек балаларға және  көп балалы отбасылардың балаларына – 38 адам – 10% (1463000 теңге сомасына).

Мұнымен қоса, «Әлеуметтік топтамаға» сәйкес халықтың әлеуметтік әлсіз  санатынан шыққан студенттерге жатақханада тұрудың төлемақысына жеңілдік берілген:

  • Жетім балалар және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға - 100% тегін (850000 теңге сомасына);
  • Мүгедек балаларға және диспансерлік тіркеуде тұрғандарға – 50% (425000 сомасына).

Осылайша, 2016-2017 жылдағы білім алушыларды әлеуметтік қорғау іс-шарасына жоғары оқу орнының басшысы 13 171 500 теңге бөлді және 181 адам әлеуметтік көмек алды. Студенттерге арналған әлеуметтік топтаманы дамыту қаржысы АТУ-дың жеке қаржысынан және кәсіподақ комитетіның қаражатынан бөлінеді. Жалпы алғанда университеттің әлеуметтік бағыттағы жұмысы «Атамекенім» республикалық акциясының міндетіне сай келеді. Бұл шаралар Алматы қаласын 2020 жылға дейінгі дамыту бағдарламасымен де мазмұндас.

Жоба авторларының пікірінше, жасампаз бастамалар мен қайырымдылықтың қалыптасқан дәстүрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлердің берік іргетасын қалайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер