«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

KASE қор нарығының негіздері бойынша дәріс өтті

2017 жылғы 10 Қараша
- Алматы қаласы
5514 просмотров

Тренингке Қазақстандағы қаржы және заңгерлік компаниялардың өкілдері қатысты

KASE ұйымдастырған тегін тренингке қатысушылар инфрақұрылым, қор нарығының негізгі элементтері, биржалық статистика мен трендтерге қызығушылық танытты. Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты. Видеобайланыс арқылы еліміздің барлық өңірлері қамтылды.

«Брокерде міндетті түрде Ұлттық банктің лизенциясы болу керек. Сондай-ақ ол Қазақстан қор биржасының мүшесі болуы тиіс. Дәл солар клиенттердің атынан және есебінен өтінім беріп, келіссөздерді жасайды.  Брокер өз активтері мен клиенттік активтеріне жеке есеп жүргізуі керектігіне назар аударыңыздар. Орталық депозиториде брокердің шоты мен клиенттердің қосалқы шоттары ашылады, егер брокер қандай да бір қаржылық қиындыққа тап болса, клиенттің активтеріне ешкім тиіспейді. Заң талабы бойынша, егер брокердің лицензиясы қайтарылып алынса, ол белгілі бір уақыт ішінде клиенттің активтерін клиенттің өзіне немесе келісім шарт жасайтын басқа бір брокерге беруі керек», ­- деп түсіндірді Қазақстан қор биржасының эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс жөніндегі департамен басшысының орынбасары Эльвира Сәрсенбаева.

Спикер қор нарығындағы барлық келісімдер қолма қол ақшасыз тәртіпте жүргізілетінін, ешқандай кассалық жарна болмайтынын атап өтті.

«Брокер мен клиент арасындағы келісімшарт талаптары құнды қағаздар нарығы туралы заңда жазылған. Міндетті түрде болу керек тармақтары бар. Бұл инвестордың мүддесін қорғау үшін жасалған. Бүгінде жеке тұлғалармен жұмыс істейтін 19 брокер бар. Қайда қаржы салып отырғаны туралы жауапкершілік клиенттің өзіне жүктелетінін естен шығармау керек. Өзіңіз қызығушылық танытып, барлығын анықтай алсаңыз жақсы болады. Қор нарығының келе отырып, клиент тез ақша тапқысы келе ме әлде оның қолындағы белгілі бір сома мысалы бес жыл көлемінде сақталып, сол деңгейде сақталғанын қалайтыныңызды түсінуі керек», ­- деді Эльвира Сәрсенбаева.

Бүгінде орталық депозиторийде жеке тұлғалардың 100 мыңнан астам шоты ашылған. Олардың кейбіреулері табыс тауып отыр, оның үстіне нарықта түрлі компанилардың акциялары мен облигациялараның спектрі ауқымды. Қор нарығында кәсіпорын қаржыландыруды тартуы да мүмкін. Бұл үшін компания Ұлттық Банктен мемлекеттік тіркеуден өтетін акцияларды шығаруды дайындау керек.

10 ай ішінде биржадағы операциялар көлемі 130 мтрн теңге болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер