«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Интернет-маркетинг мектебі сертификат табыстады

2017 жылғы 06 Қараша
- Алматы қаласы
9139 просмотров

Алматы кәсіпкерлер палатасында тегін білім беру курсының алғашқы легі аяқталды

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған Digital Marketing workshop курсы аяқталып, 70 білім алушыға тиісті сертификат табысталды. Курсқа қатысушылар 8 апта бойы цифрлық маркетингтің қыр-сырымен танысты.

Оқу бағдарламасы жарнама (контекстік, имидждік, баннерлік, мадиалық, бейнежарнама), медиажоспарлау, digital-стратегия дайындау мен веб-сараптама түрлеріне арналды. Оқу барысындағы тәжірибелік сабақтарда қатысушылардың өздеріне Google AdWords, Яндекс Директ, Facebook, Instagram желілерінде ақылы және тегін жарнама жариялау тапсырмасы берілді.

Сабақ барысында конверсияны оңтайландыру, сату мен жарнама тиімділігін арттырудағы шынайы оқиғалар да айтылды. Сонымен қатар озық компаниялардың сарапшылары шақыртылып, сатудың Programmatic секілді заманауи технологиясы жайлы айтылып, бекітілген бюджет аясында мобильді құрылғы мен YouTube сайтына жарнама жасау жайлы да ақпарат берілді. Бизнестегі нейминг, жаңа бренддертің шығу тарихы мен Digital кезеңінде коммуникацияны жандандырудың рөлі жайлы да мол мағлұмат таратылды.

Тренингтерге кәсібін жаңа бастаған әрі ұзақ уақыттан бері айналысып жүрген іскерлер, компаниялардың менеджерлері мен маркетологтары қатысты. Спикер ретінде Қазақстандағы жарнама агенттіктеріндегі тәжірибелі сарапшылар, сондай-ақ Google, Яндекс іздеу жүйелерінің өкілдері де шақырылды.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдумановқа аталған бастамаға мұрындық болып, дәріс ұйымдастыратын орын бөлінгені үшін алғыс білдіреді. Сонымен қатар іс-шараның сәтті өтуіне үлес қосқан Яндекс Қазақстан директоры Артем Борисов, «Видео-Интернешнл Қазақстан» компаниясының бас директоры Илья Джумаев, Select Communication Group бас директоры Виктор Елисеев, «Қазтелепорт» АҚ жоба жетекшісі Мұрат Кенебаев, «Қазтелепорт» АҚ Мәліметтерді өңдеу орталығы ресурстарды қорғау басқармасының басшысы Берік Сұлтанбеков,  Apex Interactive Қазақстан бас директоры Юрий Кралюк, Vi Digital бас директоры Виталий Савков, Mastersite.kz веб-студиясының иесі Анна Сергеева, «Кликобилие» басқарсушы серіктесі және агенттіктің тең негізін қалаушысы Андрей Смолков, Great Create бас директоры Николай Аптасов, Қазақстандағы Google агенттіктерімен және серіктестерімен жұмыс жөніндегі жетекшісі Михаил Кудла бастаған мамандарға да ризашылығын білдіреді.

Еске салсақ, 15 қыркүйекте Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы әлемнің және отандық озық компаниялардың сарапшыларымен бірлесіп, Digital marketing workshop интернет-маркетингке тегін оқыту курсын бастаған еді. Интернет-маркетинг – қалың көпшілікке өнім мен қызметті өткізудің әлеуетті аумағы.

Тұтынушыларға қажетті ақпаратты жеткізу үшін интернет-маркетингті пайдаланатын компаниялар қатарының үздіксіз өсуі – жаңа технологияның дендеп енуінің тағы бір дәлелі. Сондықтан digital-marketing саласындағы мамандарға да сұраныс артып келеді. Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бұл курста тегін білім беріледі. Келесі лекті дәрісі 17 қарашада басталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер