«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда цифрлық паспортты енгізу талқыланды

2017 жылғы 21 Қыркүйек
- Алматы қаласы
5027 просмотров

Еліміздің үздік сарапшылары Қазақстанда қолма қол ақшасыз экономиканы дамыту мәселесін көтерді

Cashless Kazakhstan Summit іс-шарасында электронды төлем саласындағы жаһандық трендтер, отандастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қолма қол ақшасыз экономиканы дамыту үшін оңтайлы жағдай қалыптастыру тақырыптары ортаға салынды. Мемлекеттік мекемелер, қаржылық және бизнес-сектор, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ салалық сарапшылар қатысты.

Қазақстанда және Орталық Азиядағы Visa компаниясының бас менеджері Ғалым Табылдиев  келешекте қолма қол ақшасыз төлем орын алып, алақанды сканерлеп, көздің тор қабығының көмегімен төлем жасауымыз бек мүмкін екенін айтты.

Қазіргі таңда Қазақстанда бөлшек саудада электронды картамен төлем жасау көлемі – 18%. 2005 жылы бұл көрсеткіш 8% болды. Оң үрдіс орын алғаннын да атап өту керек, биыл картаның көмегімен төлеу 70%-ға жетті.

«Ең дұрысы – әр адамда цифрлық паспорт болғаны, қандайда бір қызметті алу кезінде оны көрсетер еді. Біз қашықтықта ЖСН алу мүмкін емес екенін анықтадық. Қазақстанда электронды қолтаңбаны пайдаланатын компаниялар өте көп. Түрлі каналдар арқылы цифрлық қолтаңбаны растайтын  орталық құрған абзал. Сондай-ақ жеке куәлік пен мекенжайды сәйкестендіру үшін  EGOV.kz порталындағы клиенттердің мәліметтерін алу қажет. Бұл қашықтықтан шот ашу кезінде жалған құжаттарды өткізуге жол бермейді. Сонымен қатар цифрлық форматта қарыз беру үшін несие тарихын алуға цифрлық келісім берілуі керек», – деп есептейді «Altyn bank» АҚ Басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі Асқар Смағұлов.

«Altyn bank» өкілі тұтынушылар несиелік-валюталық алаңға өол жеткізу мүмкіндігіне жиі қызығушылық танытатынын атап өті. Бұл бағытта да жұмыс істей керек. Банк маманы цифрлық қызмет үшін ниеттестік бағдарламасы мүлдем жоқ екенін айтты.

Сонымен қатар ҚР Ұлттық банкі Төлем жүйелерінің саясаты басқармасының басшысы Алина Иманғазинаның айтуынша, банк қоғамдастығы сәйкестендіру мәселесін талқылау үстінде. Қазіргі таңда жұмыс істеп отырған куәландыратын орталықтардың барлығының өзара бірлесіп жұмыс істеуі үшін мемлекеттік бірыңғай цифрлық орталық құрылуы мүмкін. Бұл қарастырылатын нұсқалардың бірі. Дегенмен сәйкестендіру процесі цифрлық қызметі цифрлық қызметті дамыту үшін қажет.

Саммит қатысушылары халықтың қаржылық сауаттылығын арттырмай, қолма қол ақшасыз экономика дамымайтындығын атап өтті. Зерттеу қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 15% ғана қаржылай сауатты екен. Ал олма қол ақшасыз төлем жүргізушілердің 30% – Алматы тұрғындары, сондай-ақ 30% – астаналықтар мен Оңстүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Қалған 40% өзгер өңірлерге тиесілі. Қазақстан халқының 43% ауылдық жерде тұрса да, электронды төлем жағы дәл сол елдімекендерде қиын.

«Ауылдық жерлерде терминал орнатуға дайынбыз. Дегенмен халық қолма қол ақшасыз төлем жүйесін пайдалану үшін ең алдымен саудагерлерді қызықтыру керек. Жыл бойы ауылдағы кәсіпкерлерді оқытуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз оларға төлемнің жаңа түрін ұсынбақпыз. Бұл тәсіл ақрылы арқылы саудагерде де сатып алушыда да карточка пайдалану қажет емес. Барлығы да мобильді телефон арқылы жүзеге асады, тіпті смартфон болмаса да», – дейді «Қазпочта» АҚ Қаржылық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Айнұр Күнқожаева.

Саммитке қатысушылар қолма қол ақшасыз төлемді оған салынатын ҚҚС кқлемін 3-4%-ға азайту ынталатынратынын айтты. Мұның үстіне келешекте телефон арқылы төлеп қана қоймай, телефон арқылы төлем қабылдау мүмкіндігі туады. Бірақ алаяқтық ешқайда жоғалып кетпейді. Дегенмен заманауи технологиялар онымен күресуге сеп болары анық.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер