«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Алтын сапа» сыйлығынан үміткер: «Трансавиа» ЖШС

2017 жылғы 14 Қыркүйек
- Алматы қаласы
5600 просмотров

Әуе билетін сату бойынша үздік агенттік

«Трансавиа» ­– Қазақстан нарығындағы туристік қызмет көрсететін ірі компания. 2000 жылы құрылған. Көп жылдық тәжірибе мен компания қызметкерлерінің жоғары біліктілігі тұтынушылардың саяхатқа арналған бюджетін ығайлы жұмсауына, шығынды азайтып, сапарларын сәтті ойластыруға мүмкіндік береді. Компания қызметкерлері әрбір тұтынушыға жекелей қызмет көрсетіп, шынайы ықылас білдіреді.

«Трансавиа» сапалы қызмет көрсетіп, тұтынушылардың барлық сауалдарына жауап беріп, кеңеспен бөлісуді мақсат етеді.

«Бүгінде компания ­– IATA (Халықаралық әуетасымалдаушыларының қауымдастығы) сертификатына ие, Қазақстан Туристік қауымдастығының мүшесі, Қазақстандағы ресейлік әуебилеттерін сату жөніндегі тікелей агент. Сонымен қатар Көлік клиринтік палатаның аккредиттеуінен, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің сертификаттауынан өткен», - деп хабарлады Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер Зейнеп Нұридинова.

«Трансавиа» бас агенттік ретінде көптеген әуекомпанияның бірнеше қала мен мемлекеттегі өкілеттік қызметін атқарады: «Siberia Airlines» (S7) - Алматы, «МАУ» - (PS) (Ukraine International Airlines), «Uzbekiston Havo Yollari» (HY), «Hainan Airlines» (HU), «Bek Air» (Z9), «Orenair» (R2), «Аir Baltic», «Air Moldova», «Singapore Airlines»

«Трансавиа» Қазақстан нарығында алғаш болып әуебилеттерін онлайн сату мен автоматтандырылған іздеу мен билеттерді брондау жүйесін іске қосты, бұл қызмет әуебилеттерін жедел табуға және әлемнің кез келген жеріне арзан әуе билетін табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстанның 19 қаласында төлеуге жағдай жасалған.

Компанияның басты артықшылығы орнықты бедел (2000 жылдан бастап тұтынушыларға ұздік қызмет көрсету), ұсыныстар ауқымы кең, әуекомпаниялар, қонақүй, темір жол тасымалдаушылар, сақтандыру компаниялармен қызмет көрсету бойынша тікелей келісімшарт, бас агенттік пен әуекомпанияларының өкілдігінің болуында.

«Бізге халықаралық және жергілікті 500 компания сенім білдіріп отыр. Біздің мамандарымыздың біліктілігі жоғары. Туристік қызмет индустриясында 200-ден астам кәсіби мамандар мен сарапшылар жұмыс істесе, оның ішіндегі 40 қызметкер IATA-ның қатаң талаптарына сай келеді. Қазақстанның 18 қаласында кеңсеміз бар, сонымен қатар Киев, Минск, Бішкек қалаларында кеңсе ашылған. Біз ұсынып отырған бағалар жақсы, кез келген мәселені шешудегі жеделдігіміз мен төлем жүргізудің ығайлылығы да бар.Тұтынушылар өздеріне ыңғайлы төлем түрін таңдай алады. Тұтынушылар банктік есеп шот, Visa, Mastercard, American Express несие карталарымен, тіпті турды несиеге де алуына мүмкіндік бар. Клиенттермен әрдайым байланыстамыз. Тұтынушыларға тәулік бойы қызмет етіп, сапарға қатысты кез келген мәселені шешіп береміз. Сондықтан «Алтын сапа» сыйлығының «Үздік қызмет көрсету» аталымына әбден лайықпыз», - дейді «Трансавиа» ЖШС бас директоры Виктор Матвеев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер