«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда Қытайдың туристік өнімдері таныстырылды

2017 жылғы 11 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4836 просмотров

Шығыс Қытайдың Шандунь провинциясының әкімшілігі туристік өнімдерді таныстырды

Қытайдағы Қазақстан туризмінің жылы аясында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Қытай туристік операторлары келді. Қазақстан бизнесімен танысқаннан кейін, қонақтар өз өңірлерінің туристік әлеуеті жайлы баяндады.

Қытайдың шығысында Шаньдун провинциясының туристер көп баратын аймағы Циндао порты, әкімшілік орталығы Цзинань. Провинция халқының саны 95 млн адам. Шаньдун провинциясының экономикасы бағдарламалық қамтамасыз етуден бастап кеме құрылысына дейін ауқымды салаларды қамтиды. Провинция ауыл шаруашылығы, балық аулау саласының үздігі, сонымен қатар Қытайдағы электр энергиясының жалпы көлемінің 10% осы провинцияда өндіріледі», – деп хабарлады Шандунь провинциясы «Азаматтарға арналған үкімет» ақпараттық орталығының жетекшісі  Ли Шанвэй.

Провинциясының ең көрікті аймағының бірі – Вэйхай қаласы. Қиыр Шығыста тұратын ресейліктер арасында кең танымал. Теңіз жағажайлары мен ыстық су бұлақтары түрлі буын аурулары, жүйке мен қан тамырларының жүйесін емдеуде пайдасы зор. Онда түрлі емдік-сауықтыру орталықтары орналасқан.

«Алматының туристік әлеуеті кем емес. Мұнда көрікті жерлер бар. Қала орталығынан бар-жоғы 40 минутта жететін тау шаңғысы курорты бар. Қазақстан мәдениеті жоғары, сәулетті ескерткіштерге бай, сауықтық орталықтар мен дүкендер де мол. Біз Қытай азаматтарын осы мәдени құндылықтарды тамашалауға шақырамыз», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

Кездесу аясында туристік компаниялардың, қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің өкілдері В2В келіссөздер жүргізді. Іс-шара соңында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы мен Шандунь провинциясы әкімшілігі, Қазақстан Туристік қауымдастығы мен Шандунь салалық қауымдастықтары өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер