«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«IFC COLOS» компаниясы «Алтын сапа» жолында

2017 жылғы 22 Тамыз
- Алматы қаласы
9682 просмотров

«IFC COLOS» компаниясы 2007 жылы құрылды, әлем бойныша көлік-логистикалық қымет көрсету саласында жұмыс істейді. Компания «Азия-Инвест» холдингінің компаниялар тобына кіреді. Жеке паркінде 250 цистерна мен 30 платформа бар. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Компания негізгі 5 бағытта жұмыс істейді: темір жол тасымалы, әуетасымалы, теңіз және мультимодальді тасымал, кедендік рәсімдеу мен жүктерді терминалдан өңдеу.

«IFC COLOS» ТМД, Еуропа мен Азия елдерінде темір жол экспедиторы қызметін көрсетуде алдыңғы орынды иеленеді. Компания Қазақстан Республикасы Темір жол әкімшілігімен, «Қазтеміртранс», «Кедентранссервис» теміржол вагондары паркінің меншік иелерімен тікелей келісім жасаған, сондай-ақ басқа елдерде де агенттер мен серіктестері бар. «IFC COLOS» компаниясының темір жол қызметі салсындағы стратегиялық даму бағыты: Алматы қаласында темір жол терминалын алу; ыдысты-даналанған, сусымалы жүкті қайта тиеу үшін Қытаймен шекаралас аймақта – Қорғаста терминал салу; сондай-ақ мұнай өнімдерін тасымалдау үшін цистерна паркін үлкейту, «Lufthansa», «KLM», «Cargolux» секілді әуетасымалдаушыларының бас агенттіктерімен ынтымақтастық орнату. «Эйр Астана», «Delta Air», «Саяхат» компанияларымен тікелей келісім орнатылған. «IFC COLOS» 2011 жылдан бастап – Қазақстанда «ETIHAD Cargo» әуекомпаниясының сату жөніндегі агенті.

«Біз қауіпті, құнды, тез бұзылатын жүктерді жедел тасымалдануын жүзеге асырамыз, сондай-ақ температуралық режимді сақтау керек жүктерді де жеткіземіз. Ерекше заттарды көлікпен тасымалдау, порттарда жіберушінің қоймасынан алушының қоймасына дейін транзиттік кеден рәсімдеуінде терминал мен кран операциясын жүзеге асырамыз. Компаниямыздың өкілдері ТМД мен таяу және алыс шет елдің негізгі порттарында бар. Новороссийск, Санкт-Петербург, Находка-Восточный порт, Владивосток, Астрахань, Рига, Клайпеда, Мууга, Мариуполь, Одесса, Ильичевск, Баку, Поти, Стамбул, Джебель-Али, Риядх, Котка, Хамина, Киль, Гамбург, Равенна, Неаполь, Амстердам, Роттердам сынды көптеген порттарда бар. Оңтүстік Корея, Қытай мен Тынық мұхиты елдерінен жүк контейнерлерін тасымалдауда контейнерлер иелерінің өкілдерімен ынтымақтастық тиімді. Мамандар кеден органдарының талаптары сайы етіп құжаттарға толық сүйемелдейді (инвойстар, қаптама парақтары, қажетті сертификаттар және т.с.с.)», – дейді бас директор Ануар Шалқарбеков.

 

Үздік жобалардың қатарында «Sinopec» компаниясы үшін Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының құрылысына Қытай–Атырау бағытымен жабдық жеткізілу жұмысы бар. Сонымен қатар Қашаған кен орнын салуда «AGIP KCO» жобасы да бар. Бұл жобабаойынша әлемнің түрлі елдерінен 2 млн тоннадан астам жабдық бөлініп-бөлініп жеткізілді, кеденнен өткізілді, тасымалданды. «BATEMAN» компаниясының газды қайта өңдеу зауытының құрылысы жобасына да қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер