«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай бизнесмендерінің жаңа ұсынысы

2017 жылғы 17 Шілде
- Алматы қаласы
8679 просмотров

Алматыда Қытай мен Қазақстан кәсіпкерлерінің кездесуінде ынтымақтастық мәселесі көтерілді

Қытайдың шығысындағы Хэйлунцзян провиянциясының кәсіпкерлері Алматыда өткен іскерлік кездесуінде логистиканы дамыту, «Қорғас» секілді шекаралық ынтымақтастық орталықтарын құру, бірлескен жобаларға инвестиция құюды арттыру ұсыныстарын ортаға салды. Бұл өлкеде ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі дамыған, сондай-ақ туризм саласы да қарқынды. Хэйлунцзян провинциясы 135 пайдалы қазбалар кен орнымен мақтады. Қара және түсті металдар Жапония, Ресей, Оңтүстік Корея елдеріне экспортталады. Қытай кәсіпкерлері ендігі кезекте ынтымақтастықты Қазақстанмен дамытуға қызығушылық танытып отыр.

«Екі ел кәсіпкерлерінің ортақ мүддесі баршылық деп санаймыз. Біздің провинциямызда агрокешен жақсы дамыған. Әсіресе «көк» өнімді атауға болады. Біз осы бағытта бірлескен жобаны жүзеге асыра аламыз. Хэйлунцзян провинциясы саяхаттауға да таптырмас өлке. Алматы да туризмге ерекше мекен екенін білеміз, сондықтан ішкі жіне сыртқы туризмді дамыту стратегиясын әзірлеуді ұсынамыз», ­– деді Хэйлунцзян провинциясы төрағасының орынбасары Ду Цзин Минь.

Қытай тарапы өкілінің айтуынша, оларды еліміздің қымыз, шұбат, бидай өнімдерін жеткізу мәселесі қызықтырады екен.

«Алматы экономикасының негізін шағын және орта кәсіпкерлік құрайды. Экономикалық белсенді азаматтардың басым көпшілігі осы салада жұмыс істейді. Алматы ­– инвестициялық тартымдылығы жоғары қала. Шаһардың экономикалық мамандануы бағыты көлік-логистикалық, туристік және өзге де қызмет түрлеріне негізделген. Әлем нарығында да алар орны ерекше. Қазақстан мен Қытай 24 млрд доллардан астам сомадағы өндірістік қуат саласында 50-ден астам жобаны жүзеге асырып отыр. Екі ел арасындағы бизнес-серіктестікті алдағы уақытта дамытуға барынша күш салуға дайынмыз», – деді Амалы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Стамбеков.

Оның айтуынша, бүгінде қалада 297 бірлескен және 1411 қытай кәсіпорны жұмыс істейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер