«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыстағы шығындар бағалардың жүйесіздігінен орын алған

2017 жылғы 06 Сәуір
- Алматы қаласы
6339 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тауар жеткізушілердің бірыңғай реестрін құруды ұсынады

Кәсіпкерлердің баға белгілеу жүйесіне қатысты наразылығына Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тауар жеткізушілердің бірыңғай реестрін құруды ұсынады, онда отандық тауар өндірушілер қызмету кіретін болады. Құрысытағы баға белгілеу жүйесінің мәселесі Смета дайындаушылар одағының мерейтойлық конференциясында көтерілген болатын.  

«Смета дайындаушылар жаңа баға белгілеу жүйесінің олқылықтары бар екенін айтты. Мсәелен, құрылыс материалдар мен машиналар мен механизмдерді пайдалану бойынша қызмет көрсетудің бағасын анықтауда келіспеушілік бар. Нарықта өзінің бағасы, ал базадағылар жоғары бағасын ұстанып отыр. Базадағылар бұл ағымдағы бекітілген бағалар дегенді айтады. Бұл мердігерлер үшін қолайсыздық тудыратыны рас. Бағдарламалық қамтамасыз етуде де түйіткілдер бар. Осының нәтиждесінде құрылысшылар шығынға батып отыр, өйткені олар осы баға белгілеу бойынша құжаттар қабылдайды. Ал іс жүзінде баға мүлдем басқа», – дейді «Сметчик-инженерлердің Республикалық одағы» ҚҰ президенті Татьяна Пяртель.

 Тауар жеткізушілердің бірыңғай реестрін құру отандық тауар өндірушілерін қолдауға жол ашып құрылыс нарығында белсеннді болуға жол ашады, деп есептейді Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы ның директоры Юрий Тілеумұратов. Директордың айтуынша құрылыс нысандардың, оның ішінде бюджет қардысына салынған ғимараттардың сапасын арттыруға жол ашатын өзгерістер қажет.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер