«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Литва кәсіпкерлері Астана мен Алматыға келеді

2017 жылғы 15 Наурыз
- Алматы қаласы
5256 просмотров

Қазақстандағы бизнес-миссия маусым айына жоспарланған

Қазақстан мен Литва арасындағы байланыс ілгері дамып келеді. Қазақстанда 100 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Литва Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне қатысады. Бұл туралы Литва Республикасының бас консулы Регимантас Яблонскас Алматыда Литва тәуелсіздігін қайта құру күніне орай өткізілген қабылдауда хабарлады.

«Экспо-2017 көрмесіндегі Литва күні 23 маусымға белгіленген. Литва делегациясын күтеміз, біздің премьер-министр келеді деп үміттенеміз. Бұл кездесулер екіжақты қарым-қатынасты дамытуда айрықша маңызды. Бүгінде Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы азайған, шамамен 700 млн доллар. Көрсеткіштердің азаюы экономикалық жағдайға байланысты. 2014 жылға дейін өзара сауда 1 млрд 100 млн долларға жеткен еді, сол жыл ең қарқынды дамыған жыл болды. Оның үстіне Литваның Қазақстанға экпорттауына қарағанда, былтырғы жылы Қазақстанның Литваға экспортқа шығу жоғары болды. Сондай-ақ, қазақстандық тауарлар Литва арқылы транзитпен Еуропаға таралады», ­– деді Регимантас Яблонскас

Елордадан кейін литвалық бизнес-делегация Алматыға барады. Бас консулдың айтуынша, екіжақты ауқымды сауда-экономикалық форумы өткізілмек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер