«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Наталья Коржова: «Салық органдарында қысқартулар болуы мүмкін»

2017 жылғы 21 Ақпан
- Алматы қаласы
8097 просмотров

Бизнес-қоғамдастықпен кездесуде мекеменің жоспары туралы айтылды

Экс-министр, бүгінде ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында Алматы кәсіпкерлерімен және қаржы институттарының өкілдерімен кездесті. Наталья Коржова 2016 жылы салықтық тексерулер айтарлықтай азайғанын, басқару мен кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайлары жақсарғанын айтты.

Қаржы министрлігінің өкілі жоспарлар туралы айта отырып, салық есебін тапсыру процедурасында айтарлықтай жеңілдетуге назар аударды. Өзара есеп айырысуда электонды шот-фактураны қолданатын экпорттаушыға Қаржы министрлігі ҚҚС-ті 2 есе тез, яғни 60 күнде емес, 30 жұмыс күні ішінде қайтарады. Бұл бизнеске аз уақытта көп сома алуға, қайта тексерулерді 65%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

«ҚҚС-ті бизнеспен басқаруды жақсарту үшін арнайы ҚҚС-шотын енгізу талқыланатын болады. Бұл да қызықты жаңа дүние, нәтижесінде қазынада барлық ҚҚС жеке шотта жинақтағымыз келеді. Егер тауардың әрбір шегіне есептегенде ҚҚС қазына мекемесіндегі жеткізушілердің шотына аударылады. Бұл ыңғайлы және барлық транзакцияның мерзімін қысқартады. Тіркеу ЦҚБЖ порталында онлайн-режимде жүргізіледі, ол үшін жетекшілерде электронды ицфрлық қолтаңба болу керек. Бүгінде Қазақстан бойынша 96 мың қолданушы тіркелген, 20 млн шот-фактура жазылды, бірақ бұл көрсеткіш аз. Егер тәжірибе арта түссе, тексеру де әлдеқайда азаяды, бизнес ашық форматта жүргізілетін болады. Бізде қазір дилемма орын алып тұр. Егер осылай басқарылатын болса, салық органдарындағы мұншама орын қажет пе? Салық қызметкерлерін қысқарту қажет деген сауал туындап отыр», – деп хабарлады Наталья Коржова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2019 жылдан бастап Қазақстанда салық және кеден тексерулерін жүргізу үшін электронды аудит енгізу қарастырылған. Е-аудит жүргізілетін тексерулердің нәтижелілігін, жүргізудің ашықтығын, сондай-ақ салық жинаудың анықтығын арттырады. «Мұның барлығы да Жолдауда айтылған цифрлық Қазақстанның бір бөлшегі», – деп түйіндеді Наталья Коржова.

Кездесу кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдар легімен жалғасты. ҚР Қаржы министрлігінің өкілі барлығына да жан-жақты, толымды жауап берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер