«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңнамада бизнес мүддесі қарастырылған

2017 жылғы 07 Ақпан
12645 просмотров

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске 900 түзетулер енгізу ұсынылып, оның 445-і бірауыздан қолдау тапты

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын талқылау мақсатында ұйымдастырылған басқосуда бизнес өкілдері үшін жағымды ақпарат мәлімделді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңнамаға 900 түзетулер қаралды, оның 445-ін бірауыздан қолдады. Бұл жұмыс тобының нәтижелі қызметінің көрінісі. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде 100-ден аса ұсыныстар түсті. Заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізуде жалпы ізгілендіру мақсатын ұстандық. Ең алдымен әкімшілік айыппұлдарды азайту көзделді. Сонымен қатар, ескерту беру аясын кеңейту мәселесі қаралды. Мұны кәсіпкерлік орта да, қоғам да талап етеді», – деп түсіндірді «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесінің директоры Аслан Тукиев.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі азаматтар мен бизнес өкілдерінің мүддесін қорғауға арналған өзгертулер мен толықтырулар жұмыс тобының бірлескен жұмысының нәтижесінде орын алды. 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап өткізілген 92 отырыста «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 75 ұсынысы қолдау тапты. Заң жобасында ескерту институтын кеңейту, бизнес үшін айыппұл сомаларын азайту (орташа алғанда 30%-ға), жазаны жеңілдететін мән-жай анықталған жағдайда заңды тұлғалар үшін жалпы сомадан әкімшілік айыппұлдардың көлемін 30%-ға дейін қысқарту мүмкіндіктері қарастырылған.

«Заңнама қаншалықты тұрақты болса, бизнес те соншалықты тұрақты болады. Бүгінде қоғамық талқылауға ұсынылып отырған заңнама жобасына Кісіпкерлер палатасы тарапынан берілген ұсыныстар сарапталып, енгізілді. Бизнес үшін, және заңды тұлғалар үшін әкімшілік айыппұлдардың көлемін азайтуға қол жеткізілді», – дейді «Атамекен» ҰКП Заңнама және өзіндік реттеуді дамыту департаментінің директоры-Басқарушы директор Айжан Бижанова.

Әділет министрлігі «ҚР Заңнама институтымен» бірлесіп «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын әзірлеген уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан түскен мәселелерді қарап, негізделген дәлелдерді сараптамадан өткізіп, заңнама жобасына енгізді деп хабарлады Айжан Бижанова.

Сонымен қатар қоғамдық талқылауда құқық қолдану тәжірибесімен байланысты мәселелер, сондай-ақ, Кодекске болмашы құқық бұзушылық кезінде әкімшілік жауапкершіліктен босату институтын қосу, өзгертулер енгізу жиілігін шектеуді енгізу (жылына 1 реттен артық емес); техникалық реттеу, метрология, бағалау салаларында әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершіліктен босатудың ескіру мерзімін ұлғайту мәселелері талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер