«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақшасыз төлем жасаудың жаңа түрі ұсынылды

2017 жылғы 26 Қаңтар
- Алматы қаласы
8819 просмотров

Өнертапқыштардың ноу-хауы 3 мыңнан астам саудагерді қызықтырып үлгерді

«Smart Pay» компаниясы ТМД аумағында баламасы жоқ инновациялық өнім әзірлеп шығарды. Өнертапқыштардың пікірінше, келешекте дүкенде  болсын, таксиде немесе интернет-желіде болсын, төлем жасауға мүмкіндік беретін Smart POS-терминалдарға сұраныс артпақ. Өнім сатушының шартбелгілері қойылған реквизиттері бар QR-кодтан тұрады. Төлем жасау үшін кез келген «QR Scanner» қосымшасы арқылы сол QR-код-ты танып, сома мен карта нөмірін енгізу қажет. Жасалған төлем туралы SMS-ескертпе келген соң, тауарды ала беруе болады. Барлық төлемдер банктің қорғалған каналдары арқылы өтетіндіктен, бұл рәсім қауіпсіз. Smart POS-терминалдар арқылы әлемдегі кез келген банк картасымен есептесуге болады.

«POS-терминалдар болмағандықтан, банк картасы бар клиенттерге дер кезінде қызмет көрсете алмайтынбыз. Оны көптеген саудагердің қалтасы көтере бермейтіндігі құпия емес. Сатып алушы жақын маңда орналасқан банкоматтан ақша алып келуге мәжбүр болатын. Смарт-терминал қызметінің арқасында біз клиенттерге кідіріссіз қызмет көрете аламыз», – дейді саудагерлер.

«Smart Pay» компаниясының міндеті – смартфондар арқылы ақшасыз төлемдер қабылдау қызметіне жүздеген заңды тұлғаларды қосу, басқаша айтқанда, ақшасыз төлем жасау жүйесін оңай, қолжетімді және арзан ету.

«Биыл Қазақстанда екі үлкен оқиға – «ЕХРО» көрмесі мен Универсиада өтеді. Шетелдік туристер көптеп келеді деп күтілуде, ал олар тек қана картамен есептесуге дағдыланып қалған. Бірақ, статистика көрсетіп отырғандай, төлемдердің бар-жоғы 7%-ы (15 млн төлем карталары) ғана қолма-қол ақшасыз жүреді екен. Біздің өнім – 100% қазақстандық құрам, салыстырмалы түрде алғанда да бағасы арзан. Компания өзінің дилерлік желісі арқылы «Төлемдер және төлем жүйелері» заңында қарастырылған еліміздің барлық кәсіпкерлерін POS-терминалдармен қамтамасыз ете алады. Сол арқылы біз жылдам, арзан және сенімді сауда жасау мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, бюджетке түсетін салықтың артуына ықпал етеміз», – дейді «Smart Pay» компаниясының басшысы Олжас Құндақбаев.

Жоба өткен жылы алматылық базарлардың бірінде пилоттық режимде іске қосылды. Бүкіл республика бойынша күніне сервиске 50-ден 100 кәсіпкерге дейін қосылады деп күтіліп отыр. 2016 жылы Smart POS-терминалдарды 3000-нан астап кәсіпкер орнатып, сәтті пайдаланып отыр. Аталған жобаның қаржылық әріптесі – «AsiaCredit Bank». Бұл банк төлемдерді іске асыруға кепіл болады, сондай-ақ электронды ақша шығаратын қаржылық институт болып саналады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер