«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

WhatsApp – қалауын тап!

2017 жылғы 17 Қаңтар
- Алматы қаласы
8281 просмотров

Заң бұзғандары үшін WhatsApp арқылы есеп беру сияқты «біртүрлі» міндеттеулерге кәсіпкерлер наразы болып отыр

Кәсіпкерлер ұстанымына қалалық прокуратура өкілдері де қолдап білдірді. Осылайша, тексерісті өткізу ретін анықтау үшін, Кәсіпкерлер палатасына барлық жергілікті мемлекетік қадағалау-тексеру құрылымдарының жетекшілері шақырылды. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді жою бөлімінің жетекшісі Бекежан Күнтаевтың айтуынша, өткен жылы бизнесмендерді тексеру көрсеткеші екі есеге артқан. Аталған органдар арасында кәсіпкерлерді жиі тексерушілер қатарында Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері көш бастап тұр. Бұл ретте, департаменттің тексеру шараларының саны  7 есеге артыпты.

«Кәсіпкерлердің сөзінше, бір органнан келетін тексеруші қызметкерлер әр түрлі уақытта келеді, кейде тіпті, бизнес жұмысын тоқтатуға тура келіп жататын көрінеді. Ал, егер мұндай қадағалаушы органдар бір емес, бірнешеу екенін ескерсек, сонда табысты кім тауып, бизнесті кім дамытпақ? Кейбіреулер тіпті,  WhatsApp арқылы есеп беруін сұрайды екен. Мұндай тексерістердің қажеті қанша және ол қаншалықты орынды? Ал, заң бұзғаны үшін, ұпай беру жүйесін енгізу, тіптен ақылға қонымсыз деп ойлаймын», – деп өз ойымен бөлісті Бекежан Күнтаев.

Алматы қаласы бойынша Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары Мұрат Біржановтың айтуынша, қандай да бір нысан, мысалы дәмхана жұмыс бастаған жылы, егер оған ешқандай шағым түспесе, оларды ешкім тексермейді. Қадағалау органдары мұндай нысандарды тек төрт жылдан кейін ғана тексере бастайды екен.

«Біздің қызметкерлер егер қандай да бір заңбұзушылық орын алып жатса, тексеру қағаздарында ұпай береді. Егер заңбұзушылық деңгейі аз ғана мөлшерде болса, онда оған 10 ұпай береді, ал орта деңгейдегі заң бұзушылыққа 50 ұпай беріледі. Ал, өрескел қателіктер үшін 100 ұпайға дейін бере алады. Егер нысан 60 ұпай немесе одан жоғары ұпай жинаса, жарты жылдан кейін оны тағы тексеретін болады» ,– деп түсіндірді Мұрат Біржанов.

Бекежан Күнтаевтың пікірінше, заңбұзушылықтардың бұлайша жіктелуі, тексерудің сағызша созылуы, WhatsApp арқылы есеп сұрау сияқты тексеру түрлері сыбайлас жемқорлықтың орын алуына себеп болады екен. Алматы қаласы прокуратура басқармасының прокуроры Темірлан Қанатжанов, тексеру тәртібі бизнес мүддесіне нұқсан келтірмейтіндей етіп, тексеру органдары қызметкерлеріне арналған ескертулерді әзірлеу туралы тапсырма берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер