«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан бизнесіндегі бірегей тұлғалар

2016 жылғы 15 Желтоқсан
- Алматы қаласы
11022 просмотров

Алматыда Қазақстандағы кәсіпкерліктің 25 жылдық тарихы баяндалған кітаптың тұсауы кесілді

Кітапқа 25 қазақстандық кәсіпкер енді. Олар тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында кәсіпорын ашып, ел экономикасының еңсе тіктеуіне орасан үлес қосты. Кітап шығару бастамасын «Almaty Management University» көтерген. Университет бұл кітапты ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап шығарды. Бұл ойды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қуана қолдады.

«Кітапқа Қазақстанның барлық облыстарындағы бизнесмендер кірді. Бұл жобаның бас демеушісі ретінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер тізімін іріктеуге және қаржыландыруға көмектесті», – деді «AlmaU» президенті Асылбек Қожахметов.

Кітаптың тұсаукесерінде бизнесмендер барлық қиындықты республикамен бірге көргендерін айтты. Кәсіпорындар құрып, жаңа жұмыс орындарын ашып, жаңа өнімдер шығарып, сол арқылы ел бюджетін толықтырып отырған.

Кітап кейіпкерінің бірі – Бауыржан Оспанов. Бүгінде ол «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы» ЖШС қадағалау кеңесінің төрағасы. Бұл компания энергетика, құрылыс, құрылғы жасау, металл өңдеу салаларын дамытуға мол үлес қосып келеді.  

«90-жылдардың басында мен әлі студент болғам, институтта бейнесалон аштым. Ол кезде бәрін бірдей сата беретін, тұрмыстық техникадан бастап ауылшаруашылық бұйымдарына дейін. Одақ тарап кеткен соң байланыстар үзіліп, зауыттар тоқтап қалды. Біз нарыққа талдау жүргіздік, кімге не жетіспейді деп сұрастырдық, қалаған тауарларын ұсындық, кәсіпорындар қуана сатып алатын. Қолда ақша жоқ, сол кезде айырбас сауда дамыды. Ол 1992 жылдар еді. Оған қоса басқа да қызмет түрлері мен технологияларын ұсынып, бүкіл Қазақстан бойынша тауар жеткізіп беріп отырдық, кейіннен электрлік монтаждау жұмыстарын жүргіздік», – дейді Бауыржан Оспанов.

Кәсіпкер туған ауылында спорт және физика-математика пәнін тереңдетіп оқытатын лицей ашқан. Балалар жазушылары үшін «Дарабоз» атты әдеби сыйлық тағайындады. Соңғы 12 жыл сақ қорғандарын қазатын археологиялық қазба жұмыстарына демеушілік жасап келеді, жыл сайын Алакөл ауданында халықаралық спартакиада ұйымдастырып жүр.

«Қазақстан бизнесіндегі аңыз адамдар» кітабына атақты Александр Дериглазов, Анатолий Балушкин, Райымбек Батталов, Анатолий Побияхолар да енген.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер