«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үздіктер құрметке лайық!

2016 жылғы 14 Желтоқсан
- Алматы қаласы
6106 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында республикалық сапа байқауларының қатысушыларын марапаттады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Кәсіпкерлер палатасы сапалы тауар өндіріп, қызмет көрсететін қаладағы үздік кәсіпорындарды марапаттады.

«Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» республикалық байқауларына белсенді қатысқаны үшін, бірқатар алматылық компаниялар Алғыс хатқа ие болды. Олар: «ИНТЕРКОМП ҚАЗАҚСТАН» ЖШС,  «ТрансКом» ЖШС,  «Қағанат сервис компаниясы» ЖШС,  «Әдемі-Ай plus» ЖШС,  «Aigul Line» ЖШС,   «EleGant» эксклюзивті қалпақтар салоны» ЖШС,  «АККУРАТ» ЖШС, «Цин-Қаз» ЖШС,  «Алматы өнімдері» ЖШС, «Қазлегпром-Алматы» ЖШС,  «СОЛО ЛТД» ЖШС, «IDC (АйДиСи)» ЖШС,  «МедАспапОптика» ЖШС,  «Сайман корпорациясы» ЖШС,  «Келет» АҚ,  «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС,  «Hyundai Trans Auto» ЖШС, «Metall Prom Group» компаниясы.

Сыйлыққа ие болғандардың барлығы да жауапты салық төлеушілер, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлер, халықаралық дәрежеде «Қазақстанда жасалған» белгісін абыроймен насихаттаған кәсіпорындар.

Мәселен, әрбір қазақстандық қыз-келіншектің асханасында «Цин-Қаз» томат пастасы тұрады. Компания 11 жыл бойы Қазақстандағы томат өнімдерін өндіру және сату бойынша көшбасшы болып тұр. Оның нарықтағы үлесі – 40%, елдің 42 өңірінде сатылады. Өнімнің жоғары сапалы болуы білікті басшының, жұмыла еңбек ететін ұжымның, мамандардың жоғары біліктілігінің, кәсіпорындағы сапа менеджменті жүйесінің арқасында жүзеге асырылады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының үздік қызметкерлері мен тұрақты ақпараттық демеушілері де жоғары марапаттарға ие болды. Мысалы, ынтымақтастық орнатып, қазақстандық кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін кәсіби түрде насихаттағаны және бизнес пен билік арасында сұхбат қалыптастыруға қосқан үлесі үшін «Алматы» арнасының, «Bnews.kz», «Zakon.kz», «ҚазАқпарат» ақпарат агенттіктері мен «Капитал» іскерлік порталының редакциялары марапатталды.

Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов жеңімпаздарды құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер