Сақтық шараларына салғырттық танытуға болмайды
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде жаңа жыл мейрамын ұжыммен атап өту шараларында өртке қарсы талаптарды сақтау қажеттігі айтылды
Алматы қаласында қоғамдық тамақтандыру нысандарында өрт жиілеп кетті. «Korova Bar», «Аспандияр», «Алма-Ата Компот», «Алматы Тауэрс» мейрамханалары отқа оранған нысандардың бір парасы ғана. Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының басшысы Марат Бекбаевтың айтуынша, адам көп жиналатын нысандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі бірінші басшыларға жүктеледі екен.
«Өртке қарсы қызметті дер кезінде шақырмау, нысан қызметкерлерінің өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану арқылы өз бетінше сөндіруге талпынуы, нысанның өртке қарсы сумен қамту көзерінің істен шығуы, өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне өрт болған жерде барлау және әскери іс-қимылдар жүргізуіне кедергі келтіру, өз кезегінде, оттың кең аумаққа еркін таралуына себепкер болады», – деді Марат Бекбаев ереже бұзуға қатысты.
Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мәлімдегендей, күзетшілер куәлік алу үшін, төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау шараларын ұйымдастыру және өткізу, күзет ұйымдары қызметкерлерінің тактикасы мен іс-қимылдары бойынша 10 сағаттық оқудан өтулері қажет. Бұл курс жекеменшік күзет ұйымдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті саналады.
Шара барысында қатысушыларға өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері түсіндіріліп, ұсыныстар айтылды, барлық қатысушыларға табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер туралы жадынамалар мен буклеттер, сондай-ақ күзетшілер әрекетінің алгоритмі таратылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: