«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жастарға ақ жол!

2016 жылғы 28 Қараша
- Алматы қаласы
6469 просмотров

Жас кәсіпкерлер кәсібін енді ашып жатқан замандастарының мүддесін қорғау мақсатында қор құрды

Бизнесін енді ашып жатқан әрі жас кәсіпкерлердің әлеуметтік мәселелерін шешуді «Жастарға ақ жол» жастарды дамыту қоры өз мойнына алып отыр. Ұйымды өз замандастарына қолдау көрсету мақсатында, бизнесте табысқа жеткен жас кәсіпкерлер құрды.

«Біз қазіргі жастар қажетті білім мен мүмкіндіктерден құр қалмаса екен дейміз. Қор тек тегін тренингтер өткізіп қоймай, сондай-ақ, олардың жұмыспен қамтылуына, бизнес-идеяларын жүзеге асыруға атсалысып, белсенді әлеуметтік жұмыстар атқаратын болады. Біз қордың ашылғандығы туралы хабарлағанда, қаражаты бар болса да, түрлі себептермен өз кәсіптерін аша алмай жүрген 130 жас азамат келді. Айта кетерлігі, жас кәсіпкерлер өте аз. Олар – Қазақстан бизнесінің болашағы», – деді «Жастарға ақ жол» қоғамдық қорының президенті Рафаэль Гасанов.

Бірлестік жетекшісі, сондай-ақ, келер жылға жас кәсіпкерлер үшін 111 бағдарлама әзірленіп жатқандығын жеткізді. Олар: білім беру, бизнес-жобаларды дамыту, әлеуметтік науқандар.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы «Жастарға ақ жол» қорына қолдау көрсетті. Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Қайрат Қасенов мемлекеттік-жекеменшік серіктестік кәсібін жаңа ашып жатқан кәсіпкерлерге таптырмас мүмкіндік деді.

«Жекеменшік сектор мемлекетпен ынтымақтаса отырып, мемлекеттен қосымша әкімшілік, материалдық, қаржылық, табиғи ресурстар, белгілі бір кепілдіктер мен жеңілдіктер ала алады. Ал, Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді азайтуға қашан да әзір. Біз өміршең жобаларды дамытып, оған жан-жақты қолдау көрсете аламыз», – деді Алматы қаласы ӨКП Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Қайрат Қасенов.

Шара қатысушылары әлеуметтік бағыттағы бизнес-идеялар басымдыққа ие болатынына тоқталып өтті. Бұл ретте, ең бастысы – жастардың белсенді ұстанымы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер