«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылысқа қаржы саларда сақ болыңыз!

2016 жылғы 25 Қараша
- Алматы қаласы
5804 просмотров

Прокуратура мен Кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілерін үлескерлік құрылысқа қаражат саларда сақ болуға шақырды

Бүгінгі таңда елімізде көпқабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы белсенді түрде жүріп жатыр. Оларды қаржыландыруға, азаматтардан бөлек, коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алып, бизнесін одан ары дамытуды мақсат еткен (дүкендер, дәріханалар мен кір жуу қызметтерін ашу) кәсіпкерлер де жиі қатысады. Сондай-ақ, азаматтар мен кәсіпкерлердің аңғалдығын пайдаланған арам ниетті құрылысшылар ақшалай қаражатты заңсыз иемденіп, соның салдарынан құрылыс бірнеше жылға тоқтап қалатын кездер де аз емес.

Құрылыстың аяқталуын кепілдендіру мақсатында мемлекет «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» жаңа заң қабылдады. Оған сәйкес, азаматтар қаражатын тартуда құрылысшыларға қойылатын талаптар күшейтілді.

Үлестік құрылысқа қатысқан кезде қаражатынан айрылып қалмау үшін прокуратура мен Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге негізгі қағиданы ұстануға кеңес береді. Ол бойынша үлестік құрылысқа жеке қаражатыңды салмас бұрын, құрылысшылардың қолында Алматы қаласы әкімдігінің үлескерлер қаражатын тартуға берген рұқсаты немесе «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ-мен жасаған келісімшартының барына көз жеткізіп алған дұрыс. Ол келісімшарт Құрылыстың аяқталатынына кепілдік береді. Үлескер қаржы құяр кезде осы құжаттармен танысып алуы тиіс.

Өз кезегінде, Алматы қалалық прокуратурасы үлескерлердің құқығын қорғайтын мобильдік топ құрды. Оған азаматтар мен кәсіпкерлер шағым түсіре алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер