«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жас кәсіпкер мектебінде білім алды

2016 жылғы 22 Қараша
- Алматы қаласы
8840 просмотров

Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің студенттері бизнес-сертификат алды

Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің 42 студенті Жас кәсіпкер мектебінде білім алды. Бұл жобаны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті нығайту» атты төртінші бағыты бойынша жүзеге асырып жатыр, ол жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға бағытталған, сондай-ақ жастарды кәсіпкерлікпен белсенді айналысуға баулиды, жас кәсіпкерлердің жауапкершілік деңгейін көтеруге көмектеседі. Енді әрбір қатысушы алған біліміне, жетістігі мен тәжірибесіне сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысып, өзінің әлеуетін көрсете алады.  

Кәсіпкерлер палатасы студенттердің жақсы мансап құруы, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы, өз бизнесін ашуы үшін, олардың қосымша білім алсам, кәсіби дағдыларды меңгерсем деген бастамалары мен ниетіне қолдау көрсетті.

«Жас кәсіпкер мектебі» жобасы аясында берілген сертификат гранттық байқауларға қатысуға мүмкіндік береді. Үздік бизнес-жобалар грант пен несие алу үшін, оларды Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы сүйемелдеп, қызмет көрсетеді. Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді, онда бизнес субъектісін заңды түрде тіркеу, несие алу, бизнес-жоспарды сүйемелдеу, бухгалтерлік есеп жүргізуге көмектесу, салық есебін өткізу сияқты сегіз қызмет тегін көрсетіліп, көптеген ақыл-кеңес берілетінін еске салғым келеді», – деді студенттерге Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.    

Сертификаттан бөлек, «Жас кәсіпкер мектебі» түлектерге бизнес жүргізу және бизнес-жоспар даярлау негіздері туралы әдістемеліктер, шағын кәсіпкерлік құрудың анықтамалығын сыйлады. Жас кәсіпкерлер сыйлықтар мен сертификаттарын міндетті түрде қажетіне жаратады. Колледжде техник-механиктер, техник-электрониктер, модельер-констукторлар, автокөлік менеджерлер даярлайды. Қазірдің өзінде жастардың мақтанатын жетістіктері баршылық. Толық жабдықталған ғылыми зертханалар, күн батареяларының арқасында жұмыс істейтін автоматтандырылған жылыжай, эксклюзивті киім тігетін шеберханалар, көлік жөндейтін база, тіпті пластиктен түрлі ұсақ-түйек бөлшектерді жасайтын 3Д принтерлер бұған айқын дәлел. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер