«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жастар кәсіпкерлігін дамыту жолында

2016 жылғы 21 Қараша
- Алматы қаласы
8488 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов пен «Нархоз университеті» АҚ ректоры Кшиштоф Рыбиньски серіктестік туралы меморандумға қол қойды

Екі тарап бухгалтерлер клубының, маркетологтардың жиындарын, өзге де шараларды бірлесе өткізуге, кәсіпкерлерге қызмет көрсететін ақпараттық орталық ашуға, облыстағы кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін пайдалы ақпаратпен жедел алмасуға, ғылыми-техникалық саладағы, ақпараттық, кәсіпкерлік бағыттағы өзара ортақ жобалар мен бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асыруға, келешегінен жарқын жобаларды іске асыру барысында әлеуметтік серіктестік институтын дамытуға  келісті. 

Атақты альма-матердің студенттері мен оқытушылары шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін жақсартуға бағытталған заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныс айтуға, кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша кеңес беретін органдардың жұмысына, жастардың кәсіпкерлікпен шұғылдануына, кәсіпкерлердің құқы мен заңды мүддесін қорғауға атсалыса алады.

Екі тарап жастарды серіктестікке баулып, олардың кәсіпкерлік сабақтарына деген қызығушылығын оятып, өңірдегі бизнес-климатты бірлесе отырып жақсартпақ. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер