«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Беделді заңгерлер жиналады

2016 жылғы 02 Қараша
- Алматы қаласы
11825 просмотров

3-4 қарашада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Kazakhstan Bar Association» коммерциялық заңгерлер алқасы» республикалық қоғамдық бірлестігі жыл сайынғы XI Қазақстанның корпоративтік заңгерлер форумын өткізеді.

Қазақстанның корпоративтік заңгерлер форумы – жылдың басты кәсіби оқиғасы болып отыр. Себебі, ауқымды шара 11 жыл бойы республика көлеміндегі, құқық саласындағы Қазақстанның белгілі заңгерлері мен  сарапшыларының басын біріктіретін алаңға айналып отыр. Форум аясында, сарапшылар кәсіпкерлерді құқықтық тұрғыда сүйемелдеудің өзекті мәселелерін талқылап, өз тәжірибелерімен бөліспек.

Форум миссиясы – Қазақстанда құқықтық мемлекет құрылуына ықпал ету, Қазақстандағы заңгер мамандығының беделін арттыру, өзекті деген заң мәселелерін талқылау, білім алуға қажет платформа құру, экономиканың барлық салаларындағы корпоративті заңгерлер арасындағы тәжірибе алмасуды, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы екі жақты сұхбатты реттеу. 

Форумға барлығы 500-дан астам делегат қатыспақ. Олардың арасында Қазақстанның үздік заң компанияларының бөлім басшылары мен әріптестері, корпоративті секторлардағы заң департаменттерінің директорлары, салық саласының топ-мамандары, судьялар мен құқықтық кеңесшілер бар. 

Шарада келесідей өзекті мәселелер талқыланбақ: заңдарда мүмкін болатын өзгертулер, олардың бизнеске салдары; бизнестің ішкі және сыртқы құқықтық қорғалуы; Case-study сот тәжірибесі; корпоративті құқықтар мен корпоративті басқару, халықаралық келісімдер мен халықаралық сауда.

«Заңдарда орын алатын, мүмкін болатын өзгертулер мен мемлекеттік органдармен тиімді байланыс орнату» сессиясында «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов пен ҰКП-ның қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаменті директоры Ербол Өстеміров пікірін білдіреді деп күтілуде.

Шеберлік сабақтарын Ұлыбританиядан келген мейман, CIS London & Partners LLP басқарушы серіктесі Светлана Ландэн жүргізеді.

Форум бағдарламасымен мына жерден танысуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер