«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қысқа мерзімде қаражатқа қол жеткізгің келсе...

2016 жылғы 27 Қазан
- Павлодар облысы
6783 просмотров

Өз бизнесіңді қалай ашуға болады және ол үшін не қажет? Ауыл кәсіпкерлерінің сұрақтары жауапсыз қалмады

Мұндай сауалдарға нақты әрі толық жауапты олар Кәсіпкерлер палатасынан алды.

Өз ісін дөңгелетіп әкеткен ауыл тұрғындарының бірі – Ақтоғай ауданының тұрғыны Марат Кәрімов. Кәсіпкер бірнеше жыл қатарынан ет өңдеу пунктін ашуға дайындалған екен. Ол ойындағы бизнесін биыл ӨКП-да оқу курсынан өтуден бастады.

«Өз ісімді ашсам деген ой осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болды. Неден бастарымды білмедім. Оның үстіне, бизнесті жүргізу ережелерін білмегендіктен, өз-өзіме деген сенім болмады. Сондықтан, аталған тренинг туралы естігенімде, бірден қатысуға бел будым. Оқытудан соң, жобаны қорғап, оның ауыл үшін қажет екенін дәлелдедім. Осыдан кейін, Палатаның аудандық филиалы қысқа мерзімде 1,6 млн теңге көлемінде несие алуға көмек берді», – дейді М.Кәрімов.

Кәсіпкер 11 ірі қара мал сатып алып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз еткен. Енді, ет өндіріп, оны аудан және облыс тұрғындарына қолайлы бағамен сатуды жоспарлап отыр.

Оның ауылдасы Шайықсұлтан Қаниев та Палатада арнайы оқуды аяқтап, бүгінде ауылды қымызбен қамтамасыз етіп келеді. 3 млн теңге қаражатқа ол  9 жылқы сатып алып, енді жаз уақытында балалар лагерьлерін қымызбен қамтамасыз етпек.

«Оқуды бітірген барлық тыңдаушылар үнемі ӨКП аудандық филиалының бақылауында болады. Кезекті бизнес-оқыту осы жылдың қыркүйек айында өтіп, онда 18 адам оқыды. Олардың жобалары біртіндеп жүзеге асырылып жатыр. Біздің мақсат – барлық құжаттарды дұрыс жинауға ықпал ету. Бұл кәсіпкерге, қысқа мерзімде қаржы алып, өз ісін ашуға жол ашады», – дейді Кәсіпкерлер палатасы Ақтоғай ауданындағы филиалының директоры Нариман Рақымжанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер