«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теңізі болмағанымен, табысы көп

2016 жылғы 26 Қазан
- Алматы қаласы
6968 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан-Қытай бірлескен жобаларын қолдауға әзір

Циндао порт-қаласынан келген инвесторлар делегациясы Алматыға табан тіреді. Делегация мақсаты – мегаполистің экономикалық мүмкіндіктерімен танысып, өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық орнату. «Doing business with Qingdao» тақырыбымен өткен конференцияға Циндао шаһары басшылары, Инвестициялық ынтымақтастық агенттігі төрағасы Айдын Байеділов, Қытайдың бас консулы Чжан Вэй, Алматы және Алматы облысы басшылары, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы, сарапшылар мен бизнесмендер қатысты.

Қытайлық тараптан форумда машина жасау және темір жол желілеріне қажет құрылғылар өндіретін компания өкілдері өз ұсыныстарын алға тартты. Сонымен қатар, қытай жағынан ұсыныс айтушылар қатарында ағаш өңдеу өндірісі, туристік фирмалар мен азық-түлік тағамдарын өндіруші кәсіпорын жетекшілері болды. Циндао қаласы коммерция басқармасы басшысының орынбасары Чуньюй Сянь Ли Циндао порты әлемнің жеті ірі портының қатарына енетінін жеткізді. Сондай-ақ, Чуньюй Сянь Ли көрші елдер арасындағы өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамыту мақсатында, қытайлық тарап барын салатынын айтты.

«Біздің ұран: «Бір белдеу – бір жол». Біз Еуразиялық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың индустриалды паркін құруды жоспарлап отырмыз. Ол Еуропа мен Азияның экономикалық мүддесіне жұмыс істейтін болады», – деп атап өтті Чуньюй Сянь Ли.  

«Алматы мен Циндао шаһарында өзара тиімді ынтымақтастық бойынша мүмкіндіктер баршылық. Алматыда бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін, мемлекет тарапынан барлық шаралар қолға алынды.  Бұл ретте, Кәсіпкерлер палатасы бізге келетін бизнесмендердің түйткілді мәселелерін шешуге барынша атсалысып жатыр. Қаламызда теңізге шығу жолы болмағанымен, Алматы өңірдің хабы болып табылады. Импортталатын барлық тауарлардың 40%-ы Алматы арқылы елге келеді. Кәсіпкерлер палатасы бизнес мүддесін қорғап қана қойған жоқ, ол сондай-ақ, алматылықтарға ең қызықты коммерциялық жобаларды таңдауға көмек беріп келеді», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Тимур Хакімов. 

Циндаода қытайлық басты брэндтер орналасқан. Оның арасында жаңа технологиялармен айналысатын компаниялар да бар. Сонымен қатар, қала Қытайдың ең ірі шаһарларының бірі болып табылады. Осылайша, 2011 жылы Циндао қаласы елдегі өмір сүруге қауіпсіз үздік қала деп танылған.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер