«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Статистиканың сан қыры бар

2016 жылғы 21 Қазан
- Алматы қаласы
6554 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге статистикалық есеп өткізуге көмектеседі

Бухгалтерлер клубының аясында «Статистикалық есеп берудің өзекті мәселелері» атты бірінші семинар өтті. Бизнес өкілдері мен Алматы қаласы Статистика департаментінің басшылығы арасында болған кездесуді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.

«Бухгалтерлер клубының мүшелері арасында дәл осы статистикалық есеп беруге қатысты мәселелер жиі туындайды. Оның себебі әртүрлі мерзімде өткізілетіндіктен шығар. Ал дұрыс берілмеген мәліметтер үшін мыңдаған теңге айыппұлдар салынады. Сондықтан статистикалық есеп беру бойынша жеке кездесу ұйымдастыруға шешім қабылдадық», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов алғысөзінде.

Статистика департаменті бөлімдерінің басшылары жекелей алынған тізімдерді өткізу механизмдері, дәлелсіз деректер ұсыну мен бастапқы статистикалық деректерді өткізбеудегі құқықтық қатерлер туралы айтып берді. Кәсіпкерлердің тізімдерді кеш өткізу әдеті кезек туындататынын ескертті.

«Қазіргі таңда есепті қағаз түрінде немесе электронды түрде өткізуге болады. Басымдыққа ие тәсіл бастапқы статистикалық деректі онлайн-режимде өткізу. Оның артықшылығы аудару кезінде қате аз кетеді, бастапқы деректерді жедел, сапалы жинауды қамтамасыз ету, жариялау мерзімінің жеделдігін анықтау, сондай-ақ қаржылай, еңбек және уақыт шығындарын қысқарту, бұл әкімшілік кедергілерді жоюда айтарлықтай маңызды. Есеп берудің барлық түрлерін түсіндіріп беруге дайынбыз», – деді Алматы қаласы Статистика департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов.

Қатысушылар кездесудің берер пайдасын ерекше атап өтті. «Біз ЕАЭО елдерінен бірінші рет тауар әкелдік, бізге Кеден одағы құжаты және оны электронды түрде өткізу қажет болды. Өзім үшін осы ақпаратты ойыма түйіп алдым. Келген соң барлығын электронды түрде өткізетін боламын. Уақытымды босқа өткізген жоқпын. Ұйымдастырғандарыңызға рақмет. Есеп беру түрлері өте күрделі. Ал мұнда біразын көрсетіп бердіңіздер», – деді «Vostokоil.kz» компаниясының өкілі Ольга Бекмұхаметова.

Статистика жөніндегі департамент басшысы Бағлан Қарғұлов Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратовқа бизнес пен мемлекеттік органдар арасында түсініспеушілікті жою бойынша жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғысхат табыс етті. Семинардың толық видеонұсқасын Facebook желісіндегі Бухгалтерлер клубының парақшасынан көруге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер