«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық және зейнетақы қоры қаражаты жұмсалады

2016 жылғы 20 Қазан
8019 просмотров

Отандық 17 кәсіпорын мемлекеттік қолдау есебінен өз өнімінің экспортын арттырмақ

Қазақстанда тауар жөнелтушілерді экспортқа дейінгі және экспорттық қаржыландыру жалғасады. Осы мақсатта «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 15 млрд теңге көлемінде облигациялық несие қарастырған. «Қазақстан Даму банкі бүгінде сомасы 18,8 млрд теңге болатын 7 жобаны мақұлдады. Олардың ішінде сомасы 4,6 млрд теңгелік 3 жоба қаржыландырылып қойды. Сонымен қатар, сомасы 22,4 млрд теңгелік 9 жоба қаралу үстінде», – деп хабарлады ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы талқыланған «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында.

Сондай-ақ Қуандық Бишімбаев: «45 млрд теңге көлемінде Ұлттық қор мен БЖЗҚ қаражатын қосу арқылы шамамен 17 кәсіпорынды қолдап, жалпы сомасы 145 млрд теңге болатын дайын өнім экспортын қамтамасыз етуге болады» деп атап өтті.

«Нұрлы жол» аясында кәсіпкерлікті қолдау жалғасын табады. Бұл жерде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік үшін жетіспейтін инфрақұрылымдық нысандарды жиынтықтау туралы әңгіме сөз болып отыр. Ұлттық экономика министрінің мәліметі бойынша, 2015-2016 жылдарда 25 млрд теңге қарастырылып, оның 15 млрд теңгесі 2016 жылға бөлінген. Сондай-ақ Қуандық Бишімбаев «әкімдіктерге 9 млрд теңге аударылып, оның 8,1 млрд теңгесі игерілді» деді.

Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері «126 шағын және орта бизнес субъектілеріне жетіспейтін инфрақұрылым тартылған».

Мемлекеттік бағдарламаның жеке бағыты – бұл экономика салаларын қолдау. Олар: машина жасау, вагон жасау, агроөнеркәсіп кешенін қолдау, өңдеу өнеркәсібінің өзге де салалары, сонымен қатар экспортты қолдауға арналған қаржы ресурстарын қарастыру.

Осы туралы баяндай отырып, Қуандық Бишімбаев көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау «жұмыс орындарында кездесетін өндіріс көлемінің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар сыртқы нарықтағы конъюнктураның нашарлауы жағдайында жаңасын құруы керек» деді.

«Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жылдарында, кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнімнің жалпы көлемі 2020 жылға қарай 1,5 трлн теңге болады», – деді ұлттық экономика министрі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер