Санитарлық аудиттің артықшылығы
Бизнесмендерге жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің алдын алу жолдары түсіндірілді
Кәсіпкерлер палатасында санитарлық-эпидемиялық аудит науқанын жүргізудің баламалы жолдарын түсіндіру жөнінде семинар өтті. Енді кәсіпкерлер санитарлық-эпидемиологиялық аудит жүргізумен айналысатын жекеменшік құрылыммен өз бетінше шарт жасаса алады. Бұл норма заңнамалық тұрғыда бекітілген, барлық посткеңестің кеңістікте тек Қазақстанда ғана қолданыста. Тексеру жүргізу ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 62-1 бабымен және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015жылғы 17 наурыздағы №216 бұйрығымен реттеледі.
Жаңадан енгізілген артықшылықтар туралы кәсіпкерлерге Кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Мәрия Хасанова айтып берді.
«Санитарлық-эпидемилологиялық қызмет (СЭҚ) органының жоспарлы тексеруі жекеменшікке берілді. Нысандардың санитарлық заңнамаға сәйкестігіне санэпидемиологиялық аудит жүргізу құқығы осы салада жоғары медициналық білімі бар, жоғары біліктілік санатқа ие тұлғаларға беріледі. Компаниялар, біріншіден, психологиялық қысымнан құтылады. Мұнда ешқандай айыппұлдар, нысан қызметін тоқтату туралы ешқандай сот талап арыздары жоқ, себебі кәсіпкер кәсіпкермен жұмыс істейді. Екіншіден, аудиторлық есептің оң қорытындысы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі органдар тарапынан жүргізілетін жоспарлы тексерістерден босатады. Жеке аудит жүргізу туралы шартқа қол қоя отырып, кәсіпкер аудиторлық компаниямен жауапкершілікті теңдей бөліседі. Яғни, ертең, санитарлық талаптар бұзылғандығы туралы жайттар анықталғанда, оған кәсіпкер емес, сәйкестік сертификатын берген аудиторлық компания жауап береді», – деп түсіндірді Мәриям Хасанова.
Бүгінде Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық аудит жүргізумен айналысатын 2 компания тіркелген. Олар С.Асфендияров атындағы медициналық академияның жанынан құрылған «Кенесары» ЖШС және «МегаДос» ЖШС.
«Біз 2016 жылдың 1 наурызынан бері нарықтамыз. ҚР ҰЭМ-нің есеп беру туралы бұйрығы бар. Біз жылына бір рет тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаменке есеп беріп тұруымыз қажет. Сол мәліметтер бойынша, осы жарты жылдың ішінде біз 148 компанияға сертификат бердік. Соның 90%-ы оң нәтиже көрсетті, олар қадағалаушы органдардың жоспарлы тексеруінен босатылған нысандар. 10%-ы талаптарға сай келмейтіндігі анықталған компаниялар. Біз оларға ұсыныс есебін бердік, соған сәйкес олар анықталған кемшіліктерді жоюлары тиіс. Мұндай компаниялар үшін аудит қайтара тағайындалады, содан кейін сертификат беріледі. Салалардың 70%-ы біздің әріптестеріміз. Олар қоғамдық тамақтандыру және сауда-саттық нысандары. 25%-ы қызмет көрсету саласы бойынша: қонақ үйлер, сұлулық салондары, қалғандары – 5%. Біздің қызметіміздің орташа құны 60 мың теңге, қадағалаушы органдар салуы мүмкін айыппұлдарды ескергенде, бұл қымбат емес. Жоғары тәуекелді нысандарға жарты жылда бір рет жоспарлы тексеріс жүргізіліп тұрады. Санитарлық талаптарға сәйкессіздікке байланысты жеке кәсіпкерліктерге салынатын төменгі айыппұл 20 АЕК, орта бизнеске салынатын айыппұл 40 АЕК, ірі бизнес үшін 100 АЕК», – деді «МегаДос» ЖШС атқарушы директоры Айман Имантаева.
Айта кетерлігі, санитарлық-эпидемиологиялық аудит – мемлекеттің бизнеске әкімшілік қысым жасауын жоюға бағытталған саясатын жүзеге асыру шараларының бірі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: