Көрші елге Кәсіпкерлер палатасының тәжірибесі қызық
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы көрші Қырғызстаннан келген делегацияны қарсы алды
Алматыдағы Кәсіпкерлер палатасының бизнесті дамыту мен қолдаудағы мол тәжірибесі қырғызстандық әріптестерді қызықтырғаны соншалық, олар қалаға бір топ делегациясын жіберген. Бес күн ішінде кәсіби оқыту агенттігінің қызметкерлері, арнайы орта білім беру мекемелерінің басшылары, Қырғызстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері және жұмыс берушілері Алматының жетекші колледждерін аралайды. Қонақтарды бәрінен бұрын жұмысшы мамандарды даярлау, қайта оқыту, біліктілігін арттыру, сертификаттау, сондай-ақ дуалды оқыту және әлеуметтік серіктестікті енгізу тәжірибесі қызықтырып отыр.
Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасы мүшелерімен жұмыс жүргізу жөніндегі бөлім басшысы Ілияс Сатыбалдиев, Алматы Кәсіпкерлер палатасынан көп нәрсені үйренуге болатынын атап өтті.
«Біз жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында «көпір» орнату үшін қандай көлемді жұмыстар атқарылып жатқанын көріп отырмыз. Жастарды кәсіпке мектеп жасынан бастап баулып жатырсыздар. Сіздерде оқытудың дуальды жүйесі белсенді енгізілген. Оқушылар жұмыс берушілермен әрдайым байланыста. Тәжірибенің 60%-ын жұмыс орнында алуы мүмкін және бұл үлкен қадам. Біздің елде де кәсіби білім беру реформасы жүргізіліп жатыр. Бізге жұмыс берушілерге маман дайындау ісін мықтап қолға алған жөн. Олар мамандарға өз талаптарын айтып, «кәсіби стандарттарды» дайындауға қатыса алады», – деді қонақ.
Қонақтарды Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының компанияларды қамту мүмкіндігі таң қалдырды. Сонымен қатар шағын және орта бизнеске көрсетілетін қызметтердің тегін жүргізілетіні қызықтырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: