«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еңбек күніндегі ерекше ілтипат

2016 жылғы 03 Қазан
- Алматы қаласы
6102 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Кәсіби-техникалық білім беру күні өз әріптестерін алғыс хаттармен марапаттады

Демалыс күндері Алматы қаласы Оқушылар сарайында кәсіби-техникалық білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді. Ұстаздарға құрмет көрсету мерекесіне Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің сарапшылары да қатысты. Салтанатты шарада олар өз серіктес-әріптестеріне алғыс хаттар табыстады. Олардың арасында Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі, Алматы құрылыс және ұлттық бұйымдар колледжі, Алматы полиграфия колледжі, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі, Индустрия, туризм және қонақжайлылық колледжі, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, «Перспектива» колледжі, Алматы қаласы Колледждерінің қауымдастығы бар.

Құттықтау хатында: «Дуальды білім беру инфрақұрылымын құруға зор үлес қосқандарыңыз үшін бизнес мамандарын даярлау жүйесін жандандыруға белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс!»,– делінген.

«Алматы қаласындағы білім беру жүйесі республика бойынша алдыңғы орындар тұрған білім беру жүйелерінің бірі. Себебі мұнда, 82 колледж, оның ішінде  22 мемлекеттік, 60 жекеменшік колледж жұмыс жасайды. Сондай-ақ мұнда тәжірибе жасау алаңдарының көпшілігі шоғырланған. Дуальды, модульді, несиелік секілді білім берудің жаңа технологиялары  енгізілуде. Мен өз әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілеймін!», – деп құттықтады Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы адам капиталын дамыту бөлімінің жетекшісі Вера Цзин.

Жалпы Алматыда автомеханик, электр маманы, аспазшы, дәнекерлеушілерді даярлайтын 4 мыңға жуық ұстаз қызмет етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2017 жылдан бастап Қазақстанда техникалық білімді тегін алуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер