«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық дизайнерлер Миландағы халықаралық сән көрмесіне қатысты

2016 жылғы 04 Қазан
- Алматы қаласы
7292 просмотров

Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері сән индустриясының әлемдік деңгейіне көтерілді

Алматы қаласы «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, Arlem сән қауымдастығының президенті Жанель Бертаева ұйымдастыруымен Леонид Жеребцов, Айгүл Қасымова, Анна Легай, Ольга Ким сынды отандық танымал дизайнерлер Милан сән апталығындағы Pitti Super халықаралық көрмесіне қатысты. Қазақстандықтар өздерінің «Көктем-жаз 2017» топтамаларын таныстырды. Барлық қатысушыларды байқаудың беделді қазылары таңдап алғанын айта кеткен жөн.

Pitti Super – бұл жыл сайын ұйымдастырылатын аксессуарлар мен киімдер көрмесі. Ол жерде халықаралық байерлерге бүкіл әлемдегі жас дизайнерлердің жұмысын таныстырады. Жыл сайын Pitti Super-ге 48 елден келген 6 мыңнан астам ең танымал сауда үйлерінің тәжірибелі сатып алушылары қатысады.

Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Жанель Бертаеваның айтуынша, отандық өндірушілер осындай қолдауға зәру. «Мұндай іс-шаралар, бірінші кезекте, сән әлемінің тәжірибелі мамандарын қазақстандық дизайнерлердің жұмысымен таныстырады. Бұл қазақстандық брендтердің танымалдылығын арттырып, халықаралық нарыққа шығуына мүмкіндік береді», – деп атап өтті Жанель Бертаева.

Алматы қаласы «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесі басшысының орынбасары Ақеркін Ералиева бұл жоба сән индустриясын дамыту  мен қазақстандық өндірушілердің әлемдік деңгейге шығаруда Іскер әйелдер кеңесі жұмысының жарқын көрсеткіші екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер