«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СІМ қызметкерлері Алматының инвестициялық ахуалын дамытуға кедергі келтіруде

2016 жылғы 27 Қыркүйек
- Алматы қаласы
7942 просмотров

Олар кәсіпкерге жарты жылдан бері шетелдік қызметкерлері мен әріптестеріне виза беруден бас тартып келеді

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына элиталық тұрғын үй кешенінің құрылысымен айналысатын ірі халықаралық компанияның филиалы «Renko-Kat» ЖШС жүгінді. Компания ҚР Сыртқы істер министрлігінің Елшілік қызмет департаментіне шағымданып отыр. Өйткені ол жерде кәсіпкерге шетел азаматтарын (қызметкерлер, серіктестер мен инвесторлар) тіркеп беруге бас тартып отыр.

«Біз жарты жылдан бері шетелдік қызметкерлеріміз бен іскерлік серіктестерімізге виза ала алмай отырмыз, – дейді Renko-Kat ЖШС заңгері Вадим Боган. – Біздің компаниямыз шетелмен тығыз байланыста болғандықтан, алыс шетелдерде де қызметкерлеріміз бар. Оған қоса, біздің құрылтайшымыз Италияда тұрады. Егер ол осы мәселелерден хабардар болатын болса, қазақстандық елшілік туралы қандай пікірде қалатынын елестете алмаймын. Елшілік қызметі болса бізде бірыңғай тіркеу базасында шығып тұрған әкімшілік құқық бұзушылық бар екенін айтып отыр. Бір кездері, шыныменде, шағын құқық бұзушылықтар орын алғаны рас. Алайда бұған оның ешқандай қатысы жоқ. Шын мәнінде, біз құрылыс саласында кеңес алу үшін Армениядан құрылыс басшыларын шақырған едік. Оларды келген соң кеңсенің мекенжайымен тіркеп, нақты тұратын мекенжайы бойынша (жалдамалы пәтер) тіркеуді уақытында жүргізбеген болатынбыз. Сол себепті де компания әкімшілік айыппұл төледі. Бірақ қазір бізге «Көші-қон» туралы заңды бұзғандығымызды және де шетелдіктерді шақыру құқымыз жоқ екендігін айтып отыр. Сонда біздің компаниямыз қоғамдық тәртіпке қауіп төндіріп тұр екен-мыс. Бұл дегеніміз сұмдық қой».

Кәсіпкерлердің құқығы бұзылғандығын Алматы Кәсіпкерлер палатасы да растап отыр.Аталған мәселе Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде қаралды. Ол жерге ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің қызметкерлері де, басқа да мемлекеттік құзыретті органдардың өкілдері де шақыртылды.

«Renko-kat» ЖШС Қазақстан нарығында 1992 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан, Алматының заңға бағынатын салық төлеушілерінің бірі. Бүгінде олар қалаға инвестиция тартып отырған қонақ үйлердің құрылысын жүргізіп жатыр. Соған қарамастан, олар өздерінің серіктестері үшін қарапайым визалық қолдауды заңды түрде және заңды уақытында ала алмай келеді. Сыртқы істер министрлігі туындатып отырған әкімшілік кедергілер, қаланың инвестициялық ахуалына кері әсерін тигізеді», – деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді жою бөлімінің басшысы Бекежан Күнтаев.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің отырысына шақыртылған болатын, бірақ оны олар елеген жоқ. Кеңес отырысында істің материалдарын тексеру үшін Мемлекеттік қызметтер ісі бойынша Агенттікке және Алматы қаласы прокуратурасына жіберу шешімі қабылданды.

«Кәсіпкердің құқығы бұзылып отырғаны белгілі. Егер әкімшілік іс болмаса, бірақ әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыптаса, онда кәсіпкердің іскерлік беделіне нұқсан келтірген болып есептеледі», – деп бағалады заңгер Дмитрий Братусь.

«Егер құзыретті органдар Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің кінәсін дәлелдесе, оларды тек тәртіптік жаза ғана күтіп тұрған жоқ, сондай-ақ жұмысынан босатуы мүмкін. Мен айтар едім, жұмыстан босату шарасы – осы жағдайда қолданылып отырған ең жеңіл жаза түрі. Мемлекет басшысының өзі бизнес үшін шетел капиталын тарту және қолайлы жағдай жасауды басты бағыт етіп белгілеп отырған кезде, дәл осылай кәсіпкер құқығының бұзылуы жауапсыз қалмауы керек», –деді Б.Күнтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер