«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Айыппұл арқаламайын десеңіз...

2016 жылғы 21 Қыркүйек
- Алматы қаласы
5901 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге бос жұмыс орындары туралы есеп өткізуге көмектеседі

Кәсіпкерлердің бос жұмыс орындары туралы есеп өткізулеріне бір апта қалды. Жеке компаниялардың басшыларының көбісі бұл жағдайдан хабарсыз және де ондай құжаттарды қалай толтыру керектігін де білмейді. Жұмыспен қамту орталығында кезек күтіп тұрғандардың қарасы қалың.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы айыппұлдарды болдырмау және уақытты үнемдеу үшін, кәсіпкерлерге арнап жұмыспен қамту орталығында, есепті толтыруға көмектесетін кабинет ашты. Барлық кеңес берулер 3-қазанға дейін мына мекен-жай бойынша тегін жүргізілетін болады: Алматы қаласы, Мақатаев к-сі, 117 В.

Мемлекет үшін барлық бос орындардың бірыңғай базасын құру жұмыссыздықпен күресуге көмектеседі. Жаңа заң бойынша, жеке тұлға қандай да бір мекемеге жұмысқа тұру үшін, алдымен жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелуге міндетті. Одан кейін жұмыс іздеушінің сол мекемеге бағытталғаны туралы анықтама беріледі. Осы құжатты көрсеткеннен кейін ғана қызметкерді ресми түрде жұмысқа қабылдауға болады. Бос жұмыс орындары туралы есепті, экономикалық қызметін жылына екі рет жүзеге асыратын (1 қазанға дейін және 1 сәуірге дейін), барлық жеке және заңды тұлғалар өткізуі тиіс. Олай етпеген жағдайда, заң бұзушылар  бірінші рет 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) (21 210 теңге), және екінші рет  – 20 АЕК (42 420теңге) айыппұл төлейді.

Алматы Кәсіпкерлер палатасының атынан бизнес үшін көрсетілетін тағы бір тегін қызмет түрі – заңгерлік кеңес беру. Бүгіннен бастап әр сәрсенбі сайын 14.30-дан 15.30 аралығында, сарапшылар Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсететін болады. Мекен-жайы: Алматы қ, Гоголь к-сі, 111. Қабылдауды Алматы қалалық адвокаттар алқасының жоғары білікті мамандары жүргізеді. Сондай-ақ, әр бейсенбі сайын сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (Гоголь к-сі, 111), барлық мәселе бойынша сауалдарға жауап беретін прокуратура өкілі кәсіпкерлерді қабылдайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер