«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда бизнес мүддесі батыл қорғалуда

2016 жылғы 02 Қыркүйек
- Алматы қаласы
8497 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогы жарты жылдағы жұмысын қорытындылады

2016 жылдың бірінші жартысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау желісі бойынша 261 өтініш келіп түссе, олардың басым бөлігі оң шешімін тапқан.

«Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің 4,8 млрд теңге сомасындағы құқықтары қорғалды, сотта оң шешім шығарылғандары – 31, Мемлекеттік кіріс департаментінің ескертпелеріне шағымдану – 16, лицензия алғандары – 5, өтініштердің нәтижелері бойынша прокуратура органдары 8 прокурорлық жауап қату актісін шығарды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің 5 отырысы өтті. Онда 15 өтініш қаралып, 11 мәселе оң шешімін тапты, қалғандарымен жұмыс жасалуда», – деп есеп берді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің басшысы Салтанат Лесбаева.

Әкімшілік кедергілерді жою бойынша да Палатаның жұмысы алға жылжыған. 6 айдың ішінде 35 әкімшілік кедергі анықталған. Оның 7-і өңірлік деңгейде болса, 28-і республикалық деңгейдегі кедергілер. Мәселелер тізіліміне 1 мәселе енгізіліп, оң шешілгені – 8, 22 өтініш қаралуда.

«Кедергілерді анықтау 43 кеңесші орган шеңберінде жүргізіледі. Оған жергілікті атқарушы органдар қатысады. Қол қойылған келісімдер аясында Палата сарапшылары алкогольдік өнімдерді сатуға лицензия беру комиссиясына, жоспардан тыс тексерістерге, жиындарға қатысады. Бизнестің мүддесін қорғау жұмыстары жүргізілетін негізгі консультативтік-кеңесші органдар: Алматы әкімдігі жанынан құрылған іскерлік және өңірлік үйлестіру кеңестері, аймақтық ІІД, МКД, МҚІСҚД, ӘД қоғамдық кеңестері, Жер комиссиясы және т.б. Бүгінде мемлекеттік органдармен әріптестік туралы 10 келісім жасалды. Олардың қатарында МКД, МҚІСҚД, СжҚБ, ЖҚБ, Әділет департаменті бар. Соңғы қаралған мәселелер «Алматы қала құрылысы» КСАК» АҚ, «Global services international» ЖШС сияқты компанияларға қатысты болды», – деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі бөлімнің басшысы Бекежан Күнтаев.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қайрат Құдайберген Палатаның республикалық және халықаралық деңгейлерде ілгерілеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті. «Мәселен, Палата тұрақты түрде жұмыс істеп тұратын «Doing Business» кеңсесін ашты. Соның базасында осы жылдың мамыр айында Үкіметпен, министрліктермен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, бизнесті жүргізуге кедергі келтіретін 30%-дан астам рұқсат беру рәсімдерін қысқарту бойынша жұмыстар атқарылды. Дүниежүзілік банк өкілдерінің іссапары ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде Қазақстан «Doing Business» рейтингісінің отыздығына кіреді деп күтілуде. Одан бөлек, биыл Қазақстанда алғаш рет бизнес-омбудсмен – Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл пайда болды. Болат Палымбетовті Елбасының өзі тағайындады. Ортақ жұмыс істеуіміздің арқасында, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогының жұмысы күшейіп, тиімді әрі нәтижелі бола түсті», – деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер