«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Welcome to Алматы!

2016 жылғы 31 Тамыз
- Алматы қаласы
8610 просмотров

Оңтүстік астанадағы Кәсіпкерлер палатасына ЭСКАТО орнықты кәсіпкерлік желісінің (БҰҰ) делегациясы келді

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының шақыруымен Қазақстанға 2016 жылдың 31 тамызынан бастап 3 қыркүйек аралығында ЭСКАТО тұрақты кәсіпкерлік желісінің делегациясы ат шалдырды. Олардың құрамында сауда департаментінің қызметкерлері, инвестиция және инновация мамандары, банк ұйымдары мен халықаралық қор басшылары бар.

Қонақжайлыққа алғысын айта отырып, Bank of Asia (BVI) және ЭСКАТО жасыл технология департаментінің басшысы Карсон Уэн іскерлік сапардың негізгі мақсатын баяндады. Қонақтар кәсіпкерлік орта туралы ақпарат, Қазақстандағы, әсіресе Алматының, коммерциялық келешегін анықтау, сондай-ақ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасын сауда және инвестиция, бизнес саласындағы ЭСКАТО қызметімен таныстыру бағыттарын көздеуде.

«ЭСКАТО жобасын Корея Республикасының Үкіметі қаржыландырады. Біз Қазақстандағы шағын және орта бизнестің интерактивті платформасын дамытуға бағытталған серіктестік орнатуға үміттіміз. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлер үшін Азия-Тынық мұхит аймағындағы инвесторлармен және іскер серіктестермен байланыс орнатуға септігін тигізеді», – деп атап өтті Карсон Уэн.

Кездесу барысында Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов «Атамекен» ҚР ҰКП қызметі туралы, халықаралық серіктестіктің мүмкіндіктері туралы әңгімелеп, Ұлттық палатаның инвесторларға көмек ретінде әзірленген Өңірлік даму картасымен таныстырды. «Елімізде біздің қаламыз барлық бағыт бойынша көш бастап келеді. Алматы Қазақстандағы тауар айналымының 45%-ын қамтамасыз етеді, оның ішінде 25%-ы сыртқы сауда айналымы. Бұл жерде кәсіпкерліктің 184 мыңға тарта субъектісі тіркелген. Қала экономикасы көлік-логистика қызметі, қаржы, азық-түлік өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және туризм салалары бойынша секторларға негізделген. Халықаралық көрмелердің 70%-ы, Қазақстанға келген шетелдік делегацияның іссапарлары осы Алматы қаласында өтеді. Республикада 10-ға тарта арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Ол жерде инвестициялық жеңілдіктер қарастырылған (салықтық жеңілдіктер, субсидиялар, мемлекеттік гранттар, салықтан босату және т.б.)», – деді ол.

Тілеумұратов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес пен билік арасында келіссөздер жүргізу үшін құрылғанын атап өтті. «Үш жыл ішінде біз оң нәтижелерге қол жеткіздік. 2016 жылдың 7 айының ішінде Палатаның сарапшылары кәсіпкерлердің 46,8 млрд теңге болатын құқықтары мен мүдделерін қорғап қалды. Жарты жылдың ішінде 34 әкімшілік кедергі анықталып, оның 25-ке жуығы шешімін тапты. Палата инвесторларға құқықтық және кеңес беру қызметін көрсетуден бөлек, енді ғана ісін бастаған кәсіпкерлерге қызметтік қолдау білдіреді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсту орталығында (қазір Алматыда олардың саны екеу, енді екеуін жыл соңына дейін ашу жоспарлануда) қызмет түрлері тегін көрсетіледі. Бар жоғы 15 минуттың ішінде өз кәсібіңді тіркей аласың. Осы жерде бизнесін енді бастағандарға бизнес-жоспар құруға, маркетинг дағдыларын үйретуге, бірінші бухгалтерлік және салықтық есеп беруге көмектеседі. Шетелдік серіктестеріміз үшін де барлығы тегін жүргізіледі», – деді ол.

Кездесу соңында тараптар байланыс деректерімен алмасып, ұзақ мерзімді серіктестікке үміт білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) БҰҰ-ның Бангкоктағы бес өңірлік комиссияның бірі болып табылады. Қызметінің негізі түрі – Комиссияға мүше елдердің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін өңірлік ынтымақтастық қағидаларын ілгерілету (www.unescap.org).  ЭСКАТО (ESBN) тұрақты кәсіпкерлік желілері төмендегі «жасыл» бизнес, микробизнес, шағын және орта орта кәсіпорын, әлеуметтік кәсіпорын, сандық экономика, зілзалалардың қауіп-қатерін төмендету, банк және қаржы секторы, сауда және көлік байланыстарына көмек көрсету, инновация және бәсекеге қабілеттілік саласындағы мәселелерді шешумен айналысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер