«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмыссыз жүрген жандар азайса…

2016 жылғы 29 Тамыз
- Алматы қаласы
7022 просмотров

Палатаның, кәсіподақ бірлестіктері мен салалық қауымдастықтардың сарапшылары жұмыспен қамту мәселелерін талқылады

Әлеуметтік cеріктестік шеңберіндегі еңбек нарығын реттеу тетіктеріне арналған дөңгелек үстел Алматы қаласында ҚР Конституциясы күнін тойлау қарсаңында өтті. Шараны Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы мен «Алматы қаласы кәсіподақ орталығы» аймақтық кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастырды.

«Еңбекке қабілетті тұрғындардың мобильділігін арттыру еңбек нарығындағы жағдайды түп-тамырымен өзгертті. Жұмысшылардың сұранысы да, ұсынысы да өзгерді, бұл материалдық өндірістен қызмет көрсету саласына қарай құбылудың ықпалы. Бұл экономика салаларындағы жұмысшылардың бірден әлеуметтік мобильділігінің артуына әкеп, еңбек нарығындағы жалпы теңгерімсіздікті күшейтті. Осыған байланысты, бұл процестерді әлеуметтік серіктестіктің барлық деңгейлерінде сұхбаттасу арқылы реттеу қажеттігі туындайды», – деді «Алматы қаласы кәсіподақ орталығы» аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Жұмагүл Тәжібаева дөңгелек үстел қатысушыларына арнаған алғысөзінде.

Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы шараға қонақ ретінде шақырылған Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айдынжан Нарматов айтып берді. «Шағын және орта бизнестің дамуына қолдау қажет. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашып,  еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлаудың оңтайлы жүйесін ұйымдастырға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіріп, инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу барысында қосымша жұмыс орындарын құру керек», – деп атап өтті ол.

Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Марат Абайұлы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру қырларын тәптіштеп баяндап, мемлекеттік шараларды іске асырудың тиімділігін арттыруға қатысты түйіткілді сұрақтарға жауап берді.

Шараны қорытындылай келе, дөңгелек үстелді жүргізуші Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Жанат Естаев өңірлік үшжақты келісімнің барлық тараптарының еңбек қатынастарының жаңа мәдениетін құруға мүдделілік танытып отырғандығын айтып, дөңгелек үстелге қатысушылардың өзара іс-қимылындағы жасампаздықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер