«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Колледждерде оқу тегін болады ма?

2016 жылғы 25 Тамыз
- Алматы қаласы
10386 просмотров

2017 жылдан бастап колледждерге тегін техникалық және кәсіби білім беруді енгізу жоспарлануда

Бұл мәлімет Алматы қаласында өтіп жатқан мұғалімдердің жыл сайынғы тамыз конференциясында айтылды.

2017 жылдан бастап Елбасы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауына сәйкес, колледждерде «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» әлеуметтік бағдарламасы іске қосылады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин өзінің баяндамасында атап өткендей, 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасында жастарды техникалық және кәсіби білім берумен қамту 18%-ға жетуі тиіс (Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіші). Жобаға мектеп оқушылары, колледж студенттері мен жұмыссыздар тартылады.

«Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру ережесіне (байқаудан тыс жұмысшы мамандықтарға орналастыруға қатысты), лицензиялау барысында ұсынылатын біліктілік талаптарына, ЖОО-ларға қабылдау ережесіне, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік міндетті стандарттарына бірқатар өзгерістер енгізу қажет. Мәселен, мемлекеттік тапсырыспен жұмысшы мамандығында ақылы негізде оқитын студенттерді ауыстыруды қарастыру керек», – деп мәлімдеді Вера Цзин.

Одан бөлек, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы білім беру ұйымдарының түлектері үшін үш жылдық жұмыспен қамту мониторингісін және колледждер мен ЖОО-лардан шығарылған студенттердің мониторингісін жүргізу туралы ұсыныс айтты.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жүргізген Еңбек нарығын талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, орта білімді жұмысшы мамандарға деген сұраныс 58,5%. Қазақстан Республикасында 807 колледж жұмыс істейді, олардың 462-сі мемлекеттік, 345-і жекеменшік колледждер. Олардағы жүктеме – 90% (546 971 орында 491 мың студент білім алуда). Жыл сайын Қазақстанда 130 мың жас еңбек нарығына қандай да бір мамандықсыз шығады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер