«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін тағы бір Орталық ашылады

2016 жылғы 25 Тамыз
- Алматы қаласы
8053 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Ұлттық кітапханасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Меморандум мақсаты – өңірлік кәсіпкерлікті одан әрі дамыту және экономика көрсеткіштерін арттыруды көздейтін институционалды негіз құруға жәрдемдесу болып саналады. Келісім шеңберінде кәсіпкерлерге ақпараттық қызмет көрсету орталығын ашу және оларға қызмет етуді қамтамасыз ету, кітапхана базасында бухгалтерлер, маркетологтар  және т.б. клубтарын ұйымдастыру, бірлескен семинарлар өткізу, жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қатысты мемлекеттік органдар шығаратын нормативті-құқықтық актілер жобасын сараптауға қатысу, қолданыстағы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу ұсыныстарына атсалысу, кәсіпкерлікті дамыту, жастар кәсіпкерлігі, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделері мәселелеріне арналған консультативтік-кеңес беру органдары жұмысына үлес қосу.

«Келісімнің арқасында өз бизнесімен шұғылданғысы келетін қала тұрғындары мен шаруасын дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлерге жаңа ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге жол ашылды. Бірлесе өткізетін іс-шаралар: семинарлар, жиындар, дөңгелек үстелдер, конференциялардың мүмкіндіктерін пайдалана келе, біз жаңа алдыңғы қатарлы жобаларды түрлендіріп, кәсіпкерлікті дамыту, жастар кәсіпкерлігі, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүддлелері мәселелеріне арналған консультативтік-кеңес беру органдары жұмысына өз сарапшыларымызды белсенді түрде тарта аламыз», – деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

«Біз оқырмандар қатарынан кәсіпкерлерді көргенімізге қуаныштымыз.  Қазіргі таңда Ұлттық кітапхана қорында әлемнің 122  тіліндегі 7 миллионнан астам кітап сақталуда. Компания басшылары, менеджерлер, бухгалтерлерге қажет әдебиеттердің барлығы бар. Жақында ғана арнайы әдебиеттермен жабдықталған «Қытай залы» ашылды. Біз БҰҰ ресурстары, көптеген шетелдік кітапханалары туралы келісімшартқа қойдық. Осы серіктестіктің арқасында, сіздер сирек кездесетін, тың ақпаратты таба аласыздар. Күн сайын 14 арнайы жабдықталған оқу залдарында екі мыңнан оқырман болады. Бұдан басқа, бізде түрлі тақырыптық көрмелер, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Ендігі кезекте сіздер де осындай әрекеттердің бастамашысы бола аласыздар. Қош келдіңіздер!», – деді Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов.

Тараптар кітапхана базасында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу туралы шешімге келді. Бұл Алматыда ашылған осындай Орталықтардың  үшіншісі болып отыр.  Жаңа нысан кәсіпкерлерге ақпараттық көмек береді. Әзірге онда қандай ақпарат  болатыны белгісіз.  Естеріңізге сала кетейік, алып шаһарда екі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасап келеді  (Гоголь көшесі, 111 және Достық даңғылы, 160). КҚО өз қызметі барысында нарық қажеттіліктерінің бірі екенін дәлелдеп үлгергені аян. Себебі, кез келген компания штатқа білікті бухгалтер, заңгер, маркетолог, сапа стандарттарын енгізетін кәсіби мамандарды қызметке алуға қауқарлы емес.  Бұл қызметтер мен кеңестердің барлығын тегін түрде арнайы өңірлік Кәсіпкерлер палатасының осы Орталығынан алуға болады. Сервистік қолдау көрсету «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай қолдау және даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер