«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда үздіктер анықталады

2016 жылғы 10 Тамыз
- Алматы қаласы
7591 просмотров

11-12 тамыз аралығында Алматы қаласында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді

Көрмеге отандық өндірістің үздік тауарлары қойылады. Атап айтқанда: жеңіл өнеркәсіп және тамақ өнеркәсібінің өнімдері, жұмсақ жиһаз, көлік құралдары, өндірістік жабдықтар.

Жеңімпаздар үш аталым бойынша анықталады: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». Кейін 9 компания (үш аталым бойынша үш жеңімпаз) Алматы қаласының атынан Республикалық байқауға қатысады.

Биыл «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысуға қаланың 83 компаниясы өтініш білдірген: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша – 32 компания, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша да – 32 компания, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша – 19 компания.  Олардың ішінде 15 компания  – 250 адамды жұмыспен қамтып отырған ірі бизнес субъектілері, 24 компания – 50-ден 250-ге дейін қызметкер еңбек етіп жатқан орта кәсіпорындар, 44 компания – 50 адамға дейін жұмыскері бар шағын бизнес компаниялары (оның ішінде 10 жеке кәсіпкерлік).

Конкурстың басты мақсаты – сапа мәселерін шешу қажеттілігі мен халық арасында сапа идеясын кеңінен насихаттау үшін өнеркәсіпік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер